3 -тапсырма.
Тыңда. Мәтінді
оқы.
«Алтынемел» — 1996 жылы Алматы облысының Кербұлақ ауданында
ашылған ұлттық саябақ. Ол Іле өзенінің солтүстігінде орналасқан. Жер
көлемі 460 мың гектар. Оның құрамына Үлкен Қалқан, Кіші Қалқан
тауларының қасында орналасқан табиғи ескерткішінің бірі – «Әнші құм»
кіреді. Мұндай «Әнші құм» табиғатта өте аз кездеседі.
«Алтынемел» саябағы археологиялық ескерткіштерге бай. Онда түрлі-
түрлі көне суреттер салынған тастар мен үлкен-үлкен үңгірлер көп.
«Алтынемел» ұлттық табиғи саябағында 1800-ге жуық өсімдіктің
түрі, 56-ға жуық жануардың түрі, балықтар, құстар бар. Олардың көбі
«Қазақстанның Қызыл кітабына» кірген.
Айналада биік-биік ағаштар, өзен-көлдер де мол. Оларға жан-жақтан
келген туристер қызыға қарайды.
Саябақта 17 қорықшы бекеті мен 3 туристік бағыт жұмыс істейді.
СОСТАВИТЬ КЛАСТЕР
Адам бойындағы қасиеттер жақсы болу керек.Мысалы:адалдық, әділдік, қайырымдылық және т.б.Осы қасиеттер адам бойында болу керек деп санаймын.Ал жаман адамның бойында:мақтаншақтық, еріншектік болады. Сол себепті бізде осы қасиеттер болмауы керек.
Бізде жақсы қасиеттер болса, бізді басқа адамдар, достарымыз бізді жақсы көретін болады.Ал бізде жаман қасиеттер болса, бізді ешкім жақсы көрмейді.Сондықтан бізде жақсы қасиет болу керек.
Менің ойымша әр адамда жақсы қасиеттер болу керек. Әрине, барлығында барлық жақсы қасиет болмасада адамда біреу болсын жақсы қасиет болу керек деп ойлаймын.
«Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы.Маңызын жоймау былай тұрсын,заман өзгеріп,қоғамдық санада күрт сапырылыстарпайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып,қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізді.
Ақынның дүниеге келгеніне бір жарым ғасыр,ал өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өтті.Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы елі мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар тұсында да айнымас темірқазық,адастырмас құбыланама болып қызмет етіп келеді.
Бұл күнде Абай сөзі әр қазақтың ағзасына ана сүтімен бірге дариды десе,артық айтылғандық емес.Ана сүті тән қорегі ретінде жас сәбидің буыны бекіп,бұғанасы қатаюына қызмет етсе,ақын сөзі оның санасына адамдық пен азаматтықтың ұрығын сеуіп қызмет етеді.