В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
stanislavcoola
stanislavcoola
12.04.2023 17:43 •  Қазақ тiлi

3-тапсырма. Сөзжұмбақты шешіңдер. Дұрыс шешілген жағдайда көк түсті торларда тақырыпқа байланысты сөз шығуы тиіс,
1, ... ағаштар, алдымнан жел еседі.
2. Етістік негізгі түбір етістік және ... түбір етістік болып 2-ге
бөлінеді.
3. Етістіктің сөйлемдегі екі түрлі қызметте жұмсалатын ерекше
түрі, жіктеліп етістік қызметін атқаратын, есімдерше түрленіп, яғни
септеліп, тәуелденіп, көптеліп есімдердің де қызметін атқаратын
түрі.
4. Етістік мағынасына қарай салт және ... болып бөлінеді.
5. Дұшпан күлдіріп айтады,
Дос ... айтады.
6. Алыстан тау көрінді.
Сөйлемдегі етістікті тауып жазыңдар.

Показать ответ
Ответ:
fox16319
fox16319
21.12.2020 10:14

Екеуі қоста оңаша қалғанда жөн сұрасты. Жас бала айшылық алыс жолдан барымтаға түскен қыпшақ жылқысымен қоса айдалып келген. Түрікпен Әмударияны бетке алып, Сыр бойы қыпшақтан алған қалың жылқыны дүркірете қуып, күн-түн жортқан ат үстіндегі сергелдең он бір жасар оғланды дереу есейтіп тастамаса да, қапелімде азат басына түскен қыл бұғауды тосырқап, тілі байланып, жан ұшырған.

– Аға, біз қыпшақ, атам аты Ерторы, әкем аты Құлпейіс, анамның сүт кенжесі Кенжебекпін, – деді бала көзі жасаурап, мөлтең қағып.

– Балам, сен мені жылқышы ата дерсің, – деді қазақ шал түсі жылып, – құдай аламанға кезіктіріп, таландыға бір түскен екенсің, бекер жаси берме. Ай-Күн жарықсыз болмас.

Ат құлағында ойнап өскен қыр баласы сол қырғын күнгі мың жылқысын қорыған қыпшақтың шетінен сүйекті, сай тасындай ірі, сом білегі тізеден келетін үш ер азаматының қасында шоқайып, өзі тіленіп, ат арқасынан түспей қойған. Қырық қаралы теке түрікпен* жер астынан шыққандай, жусаған жылқыға андыздай тигенде аз қыпшақ сүйірленіп, найза кезене, қарсы шабуылға қасқая ат қойды. Ешбірі тірі қалмасын білген, өлсе, жастығын ала өлмек. «Жал-жал құм арасына қаш! Қалың жыңғыл, сексеуілді панала, тез тығыл, жотадан ассаң, жау таппай қалар, құтыл, бауырым!», – деп бірі артына қарайлай бере, Кенжебекке жанұшыра айқайлаған.

Кенжебек астына мінген дегдар тұяқты жануар қиқу тиіп, құйрық-жалы нөсердей құйылып, дүр сілкінгенде желдей ескен мың бас жылқыдан үркіп, кісінеп салды. Ойдым-ойдым құм арасы жылқы жаюға қолайлы болғанымен, ат күрмеліп, шаба алмайды. Бала ішіне шоқ түскендей, айнала үшеуін, батыр ағаларын ажал сұмға қимай, көн садағын қолға ала ұмтылды. Омыраулай қарсы келген жалбыр бөрік дәу түрікпен ат үстінен қарғадай баланы жұлып кеп алды. Ұрыста жазым болып, қосақ арасында бекерге өлмесін деп ол баланы алдына лақша өңгере салды.

Жылқы күзеткен арыстай үш жігіт ұрыста өліп, Ерторының немересін табын-табын жылқымен қоса теке түрікпен олжалап, күнбатыс еліне айдап әкеткенін естігенде, тұсауы кесіле сала ат арқасына мінгізген қыпшақ елі ұлардай шулап, қатындар дауыс сала, бет жырта жылап, аһ ұрып қала берді.

– Қай ноғайсың? – деп сұрады бала іркілмей.

– Қаңбақша ауып, тамырсыз дедектеген мен бір қаңлы.

– Қаңлы ішінде қай аталық? –деді бала ересек адамша сыр тартқысы кеп.

– Тегін сұраған жат болмайды. Қаңлы десем, көгім қазақ дегенім, қарағым. Бабам азан шақырып қойған есімімді, сүйегімді жариялап айтпай-ақ қояйын. Сен сұрама.

Кенжебек жалшы шалдың ата тегін, руын дәл атауға құлықсыз екенін, батпандай құпия қайғысын нұры тайған көзінен ұқты. Әйтпесе тұқымы асыл болса астындағы атына өз тайпасын қосақтай айтуға шалт қазақ нәсілінен ғой.

– Ат басы мен ер басы қайда қалмайды, – деп күрсінді шал.

Ошақтағы от жалын кеміп, көлеңкелер бұға қалғандай, жатаған сексеуілге айналғандай елестеді.

– Сен, қарағым, алаңсыз ұйқыңды қандыр. Түнгі күзет мына менікі, атаңдікі, – дегенде жылқышының дауысы ерекше жұмсарды. – Тасқұл атаң жалғыздық сүрейге әбден еті өлген.

Ол қыпшақтың еркек баласын жортуылшы топ олжалап әкелгенде қатты тіксінді. Кенжебек теке түрікпенге тұтқынға түскелі қолына құрық ұстатып, жылқы бақтырды. Бала қасындағы үзеңгілес серігі қазақ болып шыққанына әкесін көргендей қуанды.

Ұзамай Кенжебек жаңа тірлігіне үйрене бастады. Түрікпен жылқысы шетінен аққу мойын, тік сирақ, бойы биік келеді, аяғын қаз басқанда ерен бекзат жануар болар ма, соны көргенде арқасы қозды. Бұрын көз үйренген қыпшақ, адай, алаша, шекті жылқысының шомбал мүсіні қораш сезіліп, шоқтығы биік, сымбаты көркем текежәуміт тұқымды жылқы малсақ ұлдың көзіне оттай басылды.

0,0(0 оценок)
Ответ:
алик137
алик137
10.02.2021 17:22
Қызғалдақ қымбатты досым, қазақтың көктемгі даласының ең жарқын бейнесі - гүлді қызғалдақ. қазақстан және орталық азия - қызғалдақтардың үйі. қазіргі, өңделмеген жабайы қызғалдақ - қазақтың мақтанышы мен мұрасы, ал қазақстан дала - әлемдегі қызғалдақтардың таралуының негізгі аумақтарының бірі. айлар сәуір және мамыр айларында - қызғалдақтардың гүлдену маусымы, ал қазіргі уақытта далада теңдесі жоқ сұлулыққа айналады, мезгілде гүлдейтін миллиондаған қызғалдақ қызғалдақтар керемет гүлді кілем сияқты көрінеді. қызғалдақ хор, бірақ қысқа, тез өтпелі, сондықтан маусымдық ырғағы қызғалдақтар сыл, көктемгі efemeroidov, қызғалдақ гүлі ұзақ оның жарқын сұлулығын шақырды және қазіргі заманғы деп аталады. ғажайып көруге келетіндерге - қазақстандық жабайы қызғалдақтар, мамандандырылған экологиялық турлар «қазақстан қызғалдақтары» бар. мамыр айында барлық қазақстандық қорықтар мен мемлекеттік ұлттық парктерде туған күні ресми түрде атап өтіледі. сондай-ақ, қазақстанда республикалық туғали фестивальдері өткізілді. қазақстанның оңтүстік астанасы - алматы - қызғалдақ қаласы. қызғалдақ іс жүзінде қаланың визит картасына айналды. 2009 жылы алматыда 50 түрлі реңк пен пішіннің жарты миллионнан астам қызғалдақтары отырғызылды. голландияда, қызғалдақ ұлттық символы болып табылады, бірақ қызғалдағы ұнайды өседі емес еді қазақстанда жоқ, мұндай орын, өйткені онда ол қазақстанның символы бола алар еді рас. барлығы қазақстанда қызғалдақтардың 35 түрі бар, олардың 18-і қызыл кітапқа енгізілген. дорогой мой друг,один из самых ярких образов казахской весенней степи - это цветущие тюльпаны. казахстан и средняя азия являются истинной родиной тюльпанов. настоящий, некультивированный дикий тюльпан по праву является казахской гордостью и достоянием, а казахстанская степь - одна из ключевых территорий по распространению тюльпанов в мире. месяцы апрель и май - сезон цветения тюльпанов, и в это время степь становится бесподобной красоты, миллионы ярких тюльпанов распустившихся одновременно делают степь похожей на великолепный цветущий ковер. цветение тюльпанов дружное, но непродолжительное, скоро преходящее, поэтому тюльпаны по ритму сезонного развития, относят к весенним , цветок тюльпана недолго радует своей яркой красотой и изящной формой. для желающих увидеть чудо – дикорастущие казахстанские тюльпаны, работают специализированные экологические туры «тюльпаны казахстана». в мае, во всех казахстанских заповедниках и государственных национальных парках, официально отмечают день тюльпана. также в казахстане проводятся республиканские фестивали тюльпанов. южная столица казахстана - алматы – это город тюльпанов. тюльпан практически стал визитной карточкой города. в 2009 году в алматы было высажено полмиллиона тюльпанов 50-ти видов самых разных оттенков и форм. в голландии тюльпан является национальным символом, но он справедливо мог бы стать и символом казахстана потому, что нет такого уголка в казахстане, где не произрастал бы любимый всеми тюльпан. всего в казахстане насчитывается 35 видов тюльпанов, 18 из которых, занесены в красную книгу. 
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота