3-тапсырма. Үнтаспадан 2-аудиомәтіннің жалғасын тыңдаңдар. Өз болжамдарыңмен салыстырыңдар. А Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріп, ойларыңды дәлелдеңдер. 1. Терек неге өзін тәкаппар ұстайды? 2. Терек Күнге, суға, желге қандай мін тақты? 3. Терек неге әдемі көркінен айырылып қалды? ӘБірінші бағанда ерекшеленіп берілген тіркестерді екінші бағандағы мағыналас сөзбен алмастырып, сөйлемдерді қайта құраңдар.
1) Көңіл-күй одағайларына 5 мысал:
Әттең,қазір жанымда сен болғанда ғой.
Япырау,қайда сол күндер!
Пәлі,мына баланың сөзіне қара!
Сабақ бітті,алақай!
Қап,сол көлікке мінгізіп жіберуім керек еді.
2) Жекіру одағайларына 5 сөйлем:
Тәйт,осы айтқаныңда жетер!
Тек,сен әкең туралы олай айтпа!
Жә,өтіп кеткен нәрсені қазбаламаңдар!
Тәйт!Осы ісің үшін жазаланатыныңды білемісің?
Жә,одан да мына ойынымызды бітірейік!
3) Шақыру одағайларына 5 сөйлем:
Күшігім,күшігім,кә-кә!
Пырс!Кет дастарқанның маңынан!
Шөре-шөре,лағым!
Моһ-моһ,мына жаққа жүре ғой,сиырым!
Кә-кә,ұзама алысқа!