3-тапсырма. Мәтіндегі қарамен берілген сөз оралымына назар сал. Осы сөйлемдегі сөздердің
байланысу тәсілдерін анықтап, көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып, орынсыз
қолданылған сөздерге түзету енгіз.
Тәуелсіздік және қазіргі қазақ тілі
Алаш ұлт-азаттық қозғалысының Тәуелсіздік үшін күресі ең бірінші рухани дүниеміздің
езегі тілдің бостанды басталған еді. Сонау 1905 жыл қарашасында Мәскеуде өткен
Ресейдің жергілікті және қалалық қайраткер съезінде 5 миллионға жуық қазақ халқының
атынан аса көрнекті саяси реформатор, ғұлама ғалым Әлихан Бөкейхан сөз сөй, өз халқының
ана тіліне бостандық берілуін, ісқағаздарының қазақ тілінде жүргізіл, қазақ мектебінің
қудаланбауын айтуы жайдан-жай емес болатын.
Әлеуметтік әділеттілікті ұрандатқанымен оны іспен дәлелдей алмаған кешегі кеңес
заманында қабылдаған Қазақстанның екі Контитуция да елдің, жердің несі қазақтың тілі
Женінде бір ауыз сөз болған жоқ. Дегенмен, Республикамызда Кеңес өкіметінің алғашқы 20-30-
жылдарында қазақ тілін мемлекет деңгейде жүргізу үшін біраз әрекет жасалынды. 1920-1925
жылдары Қырғыз АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы (бүгінгі Премьер-Министр)
Сәкен Сейфуллин қазақ тілінің тағдыры туралы тоғыз мақала жазды. Бірақ көп ұзамай
халықтың мүддесі үшін күрескен ұлт ЗНЯ Лыларын түгел дерлік қуғындагт, көбісін түрмеге
Тығып, алдын атып жойғаннан кейін кеңестік билік орыс тілін мемлекет мәртебе көтеруге
тікелей кірісті. 1938 жылғы 13 наурызда БКП(б) ОК мен КСРО халық комиссариаты «Ұлттық
республикалар мен облыстардағы мектептерде орыс тілін міндетті оқыту туралы» қаулы қа-
былдады.
Онлайнмектеп тапсырмаларын орында
Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Маметова 1922 жылдың 23 қазанында Батыс Қазақстанда дүниеге келген, ата-анасы Мәншүктің бес жасында дүниеден озған. Сондықтан да Мәншүк Алматыдағы тумаларының тәрбиесінде болған. Сонда мектеп бітіріп, Алматы медицина институтына түскен. 1942 жылы институттың екінші курсынынан өз еркімен әскерге сұранған және әскерге шақырылған. Әскерде пулеметчиктер(атқыштар) курсын оқыған.
1943 жылы Псков облысының Невель қаласын жаудан құтқару кезінде басынан ауыр жарақат алып, қайтыс болған. Сол шайқаста жетпістен астам жаудың көзін жойған. Жаужүрек қыз 21 жасқа толуына сегіз күн қалғанда қанды шайқаста қаза тапқан. Оған қайтыс болғаннан соң, Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. Ер есімі- ел есінде.