3 -тапсырма.
Мәтінді тыңда. Түсініп оқы. Тақырып қой.
Сарин Қалқаман Айымғазыұлы 1978 жылдың
2 қаңтарында қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауда-
ны Аркат ауылында дүниеге келген. 1994 жылы орта мек-
тепті, 1998 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық
университетінің тарих факультетін бітірген.
Еңбек жолын мұғалім болудан бастаған. 1998 жылдан
2008 жылға дейін Қазақ Ұлттық музыка академиясында
оқытушы болып қызмет атқарған.
Қ.Сарин - халықаралық, республикалық жыр-
мүшәйралардың жүлдегері, Халықаралық «Шабыт»
фестивалінің лауреаты, «Алтын калам» әдеби сыйлығының жеңімпазы. «Дарын»
Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Ол — Қазақстан Республикасы Жа-
зушылар Одағының мүшесі, «Арманымның бейнесі» атты жыр жинағының авторы.
«Жібек сезім — жүрек сөзім» деп аталатын үнта шығарған. Ел ішіне кеңінен
танылған «Қызыма», «Күзгі бақ», «Жібек сезім» және т.б. әндердің мәтінін жазған.
,составьте 5 вопросов по этому тексту >.
Бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады.