3-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, сөйлемдердің қай шақта тұрғанын анықтаңдар.
Шоқанды Көкше өзінің сұлулығымен әрдайым таңғалдырушы
еді. Бұл жолы да Көкше кербез, сол маңғаз қалпында қарсы алды,
Оның тіп-тік найза шындары, биік құздары бұрынғысынша көкке
қол созады. Олардың арасында Оқжетпес ерекше
көзге түседі.
Көкшетаудың маңында көл де көп.
Шоқан Алатау, Сарыарқа саяхатынан іштей
байып, жаңарып, түлеп қайтты. Ел тіршілігімен,
қазақ сахарасының өзі бұрын білмеген көлеңке
жақтарымен танысты. Андамай келген сан ғажайып
дүниелерді андады.
Бүгін, міне, осының бәрін ойша шолып, қоры-
Тындылап отыр.
көмектесіңші
Сын есім - заттың түрін, түсін сапасын, сипатын, көлемін білдіретін сөздер. Сын есім қандай? қай? деген сұрақтарға жауап береді. Мағынасына қарай Сапалық және қатыстық деп бөлінеді. Тұлгасына карай:Негізгі жане Туынды деп бөлінеді.
Зат есім - дегеніміз заттың,құбылыстың,ұғымның атын білдіріп,кім? не? кімдер? нелер? деген сұрактарга жауап береді.
Жеті кереметтің ең ежелгісі де, әрі біздің бүгінгі дәуірімізге жеткені де – осы Мысыр пирамидалары. Пирамидалар Нілдің солтүстікбатыс жағалауындағы сансыз қабірлер мен ғибадат-ханалар тұрғызылған өлілер қаласының үстіне салынды. Пирамидалардың ең көнесі – 5000 жыл бұрын тұрғызылған Джосер пирамидасы. Сәулетшісі ежелгі Египетте дәрігерлік, фило-софиялық және ғылыми еңбектерімен танылған Имхотеп атты шебер еді. Джосер пирамидасы – көп сатылы құрылыс. Сансыз басқыштар арқылы аспанға өрлей береді. Мұның идеясы перғауындардың жердегі қарапайым халықтан биік, құдіретті екенін бар әлем-ге паш ету еді. Қаншама қажырлы еңбек пен адам өмірі жұмсалған бұл құрылыс Хеопс, Хефрен және Микрен пирамидаларымен жалғасын тапты.
Көлемі жағынан ең үлкен пирамида – Хеопс пирамидасы. Бүкіл жиған-тергеніне көзінің тірісінде Хеопс перғауын 20 жыл ішінде осы пирамиданы салдырды. Биіктігі 147 метр, әр қырының ұзындығы 232 метр бұл құрылысқа 2,5-3 тонналық 2 миллион 300 мың тас блоктары қолданылды.
Галикарнас кесенесі
Кіші Азиядағы шағын қа-лалардың бірі Галикарнас-тың әкімі патша Карий Мавсол б.з.д. 351 жылы дүние салады. Патша мұрагерле-рі жер-жерлерден әйгілі құ-рылысшы, қолөнершілерді шақыртып, патшаның зиратын тұрғызады. Кесене салу ісінде шығыстың құрылыс стилі (көп қырлы пирамидалар) мен гректің ионикалық стилі байланыстырылған. Кесене екі қабаттан тұрады, биіктігі 40-45 метр. Ол тек биіктігімен емес, грек еліне белгілі Скопас, Леохар, Бриансид, Тимофей секілді әйгілі мүсіншілердің қолынан шыққан әр алуан мүсіндер арқылы көркемделуімен де ерекшеленеді. Мавзолей шамамен алғанда 1800 жыл сақталып келді. Ағылшын археологы Ч.Т.Ньютонның айтуынша, ХV ғасырда крестшілер мавзолейді бұзып, оның құрылыс материалдарын Эгей теңізінде қасиетті Петр сарайын (қазіргі Түр-кияның Бодрум қаласы) са-луға пайдаланған.
Мавсол патша мен оның әйелі Артемисаның табыттары, мүсіндері және басқа дүниелері қазір Лондондағы Британ мұражайы мен Ыстамбұлдың археологиялық мұражайында сақтаулы.