В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
irushkanet
irushkanet
24.12.2021 15:06 •  Қазақ тiлi

3-тапсырма. Мәтінді оқы, мәтіннен зат есім, етістік, сын есімдерді теріп жаз./ с текста выпиши имена существительные,прилагательные и глаголы/. Сазсырнай

Показать ответ
Ответ:
Anastasiya2108
Anastasiya2108
06.02.2021 06:18
Табиғатты қорғау  - қазіргі кезде өмір сүрушілер ғана емес сондай-ақ, болашақ  ұрпақтардың  да  денсаулығы  мен хал-жағдайы дұрыс және өз уақытындағы шешімдерге тәуелді болатын қазіргі кездегі мәселелердің бірі.[1] табиғатты қорғау - бұл табиғи жер және су ресурстарын ұтымды пайдаланып, сақтауды және ұдайы өсіруді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік, қоғамдық, әкімшілік-шаруашылық, техникалық-өндірістік, қ және заңды шаралар жүйесі. қазақстанның табиғи ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану.  қазақстан республикасының мәжілісі  және үкіметінде табиғатты қорғауды күшейтуге, республикамыздың табиғи ресурстарын ұдайы өсіруге бағытталған бірқатар  заңнамалық актілерқабылданып, пайдаланылуда. әрбір облыстардың жанында осы актілердің орындалуын бақылайтын арнаулы мекемелер бар. республикада табиғат қорғау прокуратурасы құрылды. ол қазақстан республикасының табиғат қорғау туралы заңдарының орындалуын қатаң қадағалауда.
0,0(0 оценок)
Ответ:
котбутерьрод
котбутерьрод
12.02.2023 09:51

Әже туралы өлеңдер.

Әже

   І

Тоқыпты әжем алаша,

Бояуы қынық тамаша.

Көктемгі кемпірқосақты

Әжеміз жерге жасапты.

   ІІ

Әже, әже, жатпашы,

Ауыр ойға батпашы.

Болайын мен дәрігер,

Десең; «Шипа дәрі бер!» -

Дәрі жасап берейін,

Бәрін жасап берейін.

Ауыртпаймын әжемді,

Ауырмайсың, әже, енді.

   ІІІ

Ауылға шақырған кім?

Біздің Бәпи  әже.

Сусынға ішкізгені не?

Қымыз, тары көже.

Не жегізді сыйлап?

Балқаймақ пенқұймақ...

   М.Әлімбаев

Әжесінің сабағы

Ойыншықтың жиып ап жана түрін,

Түсіндірді ұлына ол ақырын:

Болса егер де қоянда қанша құлақ,

Соншасының мысықта болатынын.

Сәбилердің мінезі десек түрлі,

Қызықтырмас дәл мұндай есеп кімді:

Болса егер де сиырда қанша мүйіз,

Құлағы сонша екен есектің де.

Тағы айтады ұлына ойланып ап,

Болса егер де қанша доп қолда мына:

«Адамда да сонша бас бар, - дейді ол,-

Тек онымен болмайды ойнауыңа!»

           Ж.Нәжімеденев

Аналардың анасы

Әпкем - әже баласы,

Әкем - Әже баласы.

Апамыздың ағасы –

Ол да әжемнің баласы.

Анам дейді мамашым:

Әже деген шамасы –

Аналардың анасы.

           Ә.Табылдиев

Әжем туралы әңгіме

Саусағы сары ала жүзікті,

Әрдайым жайдары,

Жаз өнді,

Көп ертек білетін қызықты

Көрсеңдер аяулы әжемді!

Әлдекім әжемнің шашына

Әдейі бор жағып қойғандай.

Кимешек тартқандай басына

Болады ақша бұлт қонғандай.

Куәгер кешегі заманға,

Әжеңнен кәрі адам жоқ дейді.

Ал жасын анықтап санауға

Қолынан түспейді жүргенде

Бұрышқа апарып қояды

Даладан бөлмеге кіргенде.

           Қ.Баянбаев

Әже

Сығырайған көзі көрінбей

Томар-томар былшықтан,

Отырса, бойы аспайды

Қолындағы ұршықтан.

Алдындағы көженің

Көрінбес беті қылшықтан.

Көжесін татпай әженің,

Жан болмайды құр шыққан?!

Сендер де тыңда, тентектер,

Тыйылып біраз шолжақтан.

                             М. Жұмабаев

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота