В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
chobanu81p08xbb
chobanu81p08xbb
09.01.2022 20:17 •  Қазақ тiлi

3-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Мәтінді оқып, аннотация жазыңдар. Конституция, Ата Заң ( латынның лат. constitutio — яғни «құрылым» сөзінен шыққан) — Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы. Қазақстан Республикасының Конституциясы — конституциялық заңдардың қағидаларын тұжырымдап, бір арнаға келтірген Ата Заң, яғни мемлекетіміздің Негізгі Заңы болып табылады. Конституция осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылады. Қазақ КСР Конституциясы Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс VII сессиясында 1978 жылы 20 сәуірде қабылданған.
1995 ж. 30-тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданған. Ол кіріспеден және 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді.
Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі- өзінің егемендік құқығын баянды етті. Ата Заң қабылданған күн 30 тамыз- мемлекеттік мереке – ҚР Конституциясының күні деп жарияланды.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев өзінің "Қазақстан жолы» кітабында: "Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін бізге бүгінгі өмір шындығымен және алдағы уақытпен бірге қадам басып, өткен ұрпақтың іс-тәжірибесі мен жарқын болашаққа деген сенімді жинақтаған Негізгі Заң қажет болды. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы ашық және демократиялық қоғам орнатудың негізгі принциптерін баянды етуге тиіс болатын",– деп жазады.
Еліміздің Ата Заңы мемлекетіміздің бүгінгі құрылымын шынайы бейнеленген, ұлттық мақсатты айқындап берген темірқазық.

Дескриптор
берілген мәтінді оқиды;
аннотация жазуда жанрлық және стильдік ерекшеліктерін сақтайды;


3-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Мәтінді оқып, аннотация жазыңдар. Конституция, Ата Заң ( латынның лат.

Показать ответ
Ответ:
marulina
marulina
08.10.2021 23:39

ответ:

менің сүйікті ақ мұқағали мақатаев. осы есімді айтқанда көңіл шіркін сан құбылады. өйткені мен мұқағали өлеңдерін оқып,жаттап өстім. алғаш шәкірт атанып,мектеп ғын аттаған сәттен бастап-ақ мұқағали өлеңдерімен таныстым. мұқағали деп аталатын ақын барын естіп,оның өлеңдері санамнан бір сәт кеткен емес. қ дәуреннің қызығымен бірге бойға сіңген ақын өлеңдері жан дүниесіне мен ой-санамды түгелдей билеп алғандай еді. мұқағали өлеңдерін оқып отырып қпен қоштастым,мұқағали өлеңдерін оқи отырып кеудеме сыймай аласұраған алғашқы сезіммен де арпалыстым. мұқағали өлеңдерін оқи отырып әлемде махаббат деп аталатын сезім мен құдіреттің барын ұқтым.қуансам қуанышымды бөлісетін,қапалансам қайғымды ортақтастыратын мұқағалидің өлеңдері еді. тіпті көзге жас,көңілге мұң ұялаған сәттерімде мұқағали атамның поэзиясын тыңдаймын. қазақ халқының бір ғана абай болса,мұқағали да жалғыз. ақиық ақын мұқағали мақатаевтың шығармалары жылдар өтсе де жаңғыра береді. ақын жүрек тоқтаса да жыр жүрегі мәңгі тоқтамайтын ақынның өлеңдерін өмірден бөліп қарастыру мүмкін емес.қазақ поэзиясының хантәңірі атанған мұқағали төл әдибеттіміздің шоқжұлдызы болып қала бермек.

0,0(0 оценок)
Ответ:
nastyaozernova
nastyaozernova
08.10.2021 23:39

ответ:

менің ана тілім – шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер - сол ана тілім! мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл.  ақын с.торайғыров ана тілімді:

сүйемін туған тілді – анам тілін,

бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

шыр етіп жерге түскен минутымнан,

құлағыма сіңірген таныс үнін, – деп жырға қосқан. 

ана тілім-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. демек әр ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі көремін. тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы к.г.паустовскийдің «туған тіліне жаны ашымаған – жәндік» деген сөзі ойыма еріксіз оралады.

ана тілі - ар өлшемі. олай болса, тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын майлау. ең жақсы – ана тілін құрметтеген . бұл сенің басқа тілді меңгеруіңе бөгет болмайды, қайта сені ілікке, шын патриот болуға жетелейді. ана тілдің терең иірімдеріне бойлай білу – саналы болғысы келетін жас ң бірінші парызы. ол – туған жеріңді, еліңді, сүйікті отаныңды сүйе білу деген сөз. ақиық ақын м.мақатаев «отан» атты өлеңінде:

мен оның түнін сүйем, күнін сүйем

ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

мен оның қасиетті тілін сүйем   

мен оның құдіретті үнін сүйем, – деп отанды сүюдің, ана тілін сүюдің құдіретті биік сезім екендігін білдіреді. 

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота