3-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Автор қандай маселелерді көтеріп отыр? Бүгінде Қазақстан халқының орыстілді» деп аталып жүрген
басым бөлігі біздің республикамызға еркінен тыс күштердің әсерімен
келген болатын: жер аудару, кешіру, жұмысқа жіберу, әскери
бөлімдерде қызмет ету және т.б. Бұл жаңадан қоныс аударғандардын
жергілікті жағдайға тез бейімделуіне және қазақстандық менталитетті
қалыптастыруға ықпал етті. Кысқа уақыт ішінде Қазақстан олар үшін
өз еліне айналды.
Адамдар жергілікті халықпен тез тіл табысты, қазақтың көптеген
салты мен дәстүрін қабылдады. Олар қазақтармен өзара техника, білім
беру, медицина, өнер, мәдениет салаларына қатысты мәселелерден
тәжірибе алмасты. Қазақстанның қазіргі халкынын осындай
қалыптасуына өзара түсінушілік, құрметтеушілік негіз болды.
Н. Зинкевич, Қазақстан поляктары одағының төрағасы
«…Жеті жылдықтың кейінгі екі жылында біз химия өнеркәсібінің дамуына баса назар аударуымыз қажет, және тек қана минералды тыңайтқыштар өндірісі саласы ғана емес, сонымен қатар синтетикалық материалдар, талшықтар, синтети-калық тері, техника үшін және тұрмыс қажеттіліктері үшін пластмасса өндіру жолға қойылуы тиіс. Химия өнеркәсібі адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін үлкен мүмкіндіктер ашады …»,- деп атап көрсетеді Н. С. Хрущев.Химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі бағдарламаның жүзеге асырылуы –мемлекеттік маңызды іс болды, ал Қазақстан – химия өндірісін, соның ішінде фосфорит кен орындарын дамытуға үлкен мүмкіншіліктер ашқан республика болып табылды. Соның ішінде, Маңғышлақ өлкесі пайдалы қазбалардың байлығы мен кешенділігі жөнінен таулы Алтай, Орталық Қазақстан тәрізді геологиялық аудандармен иық тірестіретін бірегей аудан еді.
Кезекшілік туралы диалог құрастыру.
Алтынай: Бүгін сыныпта Әлібек, Ханшайым және сен кезекшілік етесіңдер. Ұмытып кетпеңдер.
Алдияр: Есіме салғанын дұрыс болды, мен сабақтан соң үйге қайтып бір шаруаларымды істеймін деп жоспар құрып отырсам ...
Алтынай: Орындықтардың барлығын көтеріп қойыңдар. Ханшайым шаң сүртіп, гүлдерге су құяр.
Алдияр: Жақсы, әрине бәрін реттеп жинастырып кетеміз.
Алтынай: Тақтаны да сүртіп қоюды ұмытпаңдар. Келесі ауысымға таза болып дайын тұрсын.
Алдияр: Жақсы, терезені ашып кетейік пе?
Алтынай: Жоқ, дала жел болып тұр. Ашып кетпеңдер, сынып қалып жүрер. Абай болыңдар.
Алдияр: Уайымдама. Бәрін жинап, дұрыстап кетеміз.