3-тапсырма. Мәтінді оқы. Бірге, бөлек, дефис арқылы жазылған сөздерді тап. Айша бибі кесенесі
Ертеде Қарахан атты батыр өмір сүрген деседі. Ол Айша бибі
деген қызға ғашық болыпты. Бірақ Айша бибінің әкесі мен Қарахан
батыр бір-біріне қас екен. Сол себептен де қызды қолдан алуға үміт
етпеген Қарахан бір күні Айша бибіні алып қашады. Сонда әкесі
жендеттерін жіберіп, екеуін де өлтіруге бұйырады.
Қос ғашық қуғыннан қашып, ұзақ шабады. Шаба-шаба шар-
шаған Айша бала кезінен өскен жері Аса өзеніне шомылмақ болып,
суға түседі. Осы кезде қыздың әкесі жіберген жендеттер Айшаның
сәукелесiне улы жылан салып жібереді. Суға шомылып, көңілі
шаттанған Айша сәукелесін киген кезде жылан
танып, әлсірей бастайды. Қарахан Айшаны көтеріп алып, жақын
маңдағы ауылға апарып, молдаға некесін қидырады Айша бибінің
демі бітіп, батырдың қолында көз жұмады.
ағып, есінен
54
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен сөздерді теріп, жазу.
БАСАЛҚАЛЫҚ - зат есім. Ақыл-кеңес берушілік. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 2-т. 123-бет.
ШАРЫҚ - зат есім. Теріден, тал қабығынан жəне т.б. арзан заттан лекерлеп
жасалған аяқкиім, шəркей. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 10-т. 159-бет.
ОМБЫЛА - етістік. Қарға белуардан батып, малтығу. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 7-т. 422-бет.
МӨНТЕҢ: мөнтең қақты. Безек қақты, безілдеді. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 7-т. 238-бет.
ТАБАЛА - етістік. Біреудің сəтсіздігіне қуану; өзіне сол керек деу. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 8-т. 520-бет.
ҚҰЙЫРШЫҚ - зат есім. 1. Құйымшақтың сүйірленіп келген ұш жағы. 2. Ауыс. Біреудің қолшоқпары, сойылын соғушысы; жағымпаз. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 6-т. 448-бет.
ҚИҚАЛАҚТАП - етістік. Қиқаң-қиқаң ету, қиқаңдау, қиқалаңдау. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 6-т. 191-бет.
КҮДЕР: күдер үзді. Орындауға болмасына көзі жетті, үмітін үзді, түңілді. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 5-т. 259-бет.
КЕСІР - зат есім. Зиян, залал, зардап. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі 5-т. 4-бет.
ТӨЛЕҢГІТ - зат есім. көне. Төренің күтушісі, малшы-жалшы қызметшісі. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 9-т. 232-бет.