3-тапсырма. Өлеңнен алынған үзіндіні жаттап алыңдар. Етістіктерінің жасалу жолын түсіндіріңдер.
Қасымда бір болатын,
Көңілге нұр беретін,
Жасысам сынға алатын,
Өмірге бір келетін,
Жапанда жаяу қалсам,
Не көрсе бір көретін,
Аямас мінген атын.
Бір досым керек екен.
"Жануарлар мен өсімдіктер" тақырыбында диалог.
Әсия: – Сәлем,Гүлнұр!
Гүлнұр: – Сәлем,Әсия!Қалайсың?
Әсия: – Жақсы,өзің ше?
Гүлнұр: – Менде де бәрі жақсы.Мектепішілік сенбілікке бара жатырсың ба?
Әсия: – Ия,сен де бара жатырсың ба?
Гүлнұр: – Ия."Адамның табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың оны айтатын тілі жоқ" демекші,табиғатты қорғауға,оның өсімдіктері мен жан-жануарларына қамқор болғым келім.
Әсия: – Жарайсың!Мен де сол мақсатпен осындай сенбіліктерден қалмауға тырысамын.Жануарлар мен өсімдіктер табиғатты құрайды.Және олар бір-бірінсіз тіршілік ете алмайды.
Гүлнұр: – Дұрыс айтасың.Өте ертеде тіршілік еткен жануарлар қазір жоқ.
Әсия: – Ал өсімдіктердің біршамасы Қызыл кітапқа енген.
Гүлнұр: – Бұның бәрі адам іс-әрекетінің арқасында ғой.
Әсия: – Шынымен де,адам осылай табиғатқа зиян келтіре берсе табиғат құриды.Біз оған керісінше қамқор болуымыз керек қой.
Гүлнұр: – Әрине.Кеттік,кешігіп қалмайық.