3 -тапсырма.
Диалогті тыңда. Оқы. Түсінгеніңді баянда.
Анашым, мені таңертең ертерек оятыңызшы!
Жарайды, ботам. Не үшін ерте тұрасың? Ертең демалыс қой.
Дүйсенбі күні мектепте ардагерлермен кездесу болады. Соған
дайындаламыз.
Қай уақытта дайындаласыңдар?
Таңертең сағат онда мектепке жиналамыз. Уақытында баруым керек.
Дұрыс, балам. Кез келген кездесуге уақытынан кешікпей бару қажет.
Ол – мәдениеттіліктің белгісі.
Иә, анашым. Біздің сыныптағы кейбір балалар кешігіп келеді. Мұғалім
«Кешікпей келуге дағдыланыңдар, уақытты бағалау керек!» — деп,
үнемі айтып отырады.
Мұғалім дұрыс айтады. Сенің қазіргі кездегі ең басты жұмысың –
сабақ оқу. Уақыт — саған берілген керемет сый. Сондықтан оны
тиімді пайдалан. Сабағыңды өте жақсы оқы. Мектепте алған білімің
саған өмір бойы азық болатынын да ұмытпа. Уақытында келу арқылы
сен басқа балаларды да қалай сыйлайтыныңды көрсетесің. Уақыт
ең қымбат дүние. Сондықтан оны бағалау керек!
минут
Адам еңбегімен ардақты - ол адамдар жұмысты қожайынның ойынан шығатындай қылып істейді. Оларды барлығы жақсы көреді. Кейбір адамдар бар -жұмысты қалай болса солай жасай салады. Олардың әрекеті дұрыс емес. Ол жұмыс адал жұмыс емес арам жұмыс болып саналады. Ол адам сол көп қаражат алып отырдады.
Адам мінезімен қадірлі - ол адамдар өте сабырлы болып келеді. Кез келген істі ойланып, байыппен істейді. Ондай адамдарды адамдар құрметтейді және де сыйлайды. Ал кейбір сабырсыз адамдар - олар жұмысты ашуланып. Сол ашуын жұмыстан алады немесе т.б. - дан. Ол дұрыс емес.