3-тапсырма. Берілген сөйлемдерден қабыса байланысқан сөз тіркестерін табын дар. Тікелей қабысу:
Сатылай қабысу:
1. Күніге бес жүзден жеті жүзге дейін осы жұмыр басты пенделерге реніштерін білдірген, ыза мен кекке толы шағымдар жер астының түкпір-түкпірінен үсті-үстіне толассыз ағылып кеп жатады (Е.А.). 2. Екі жағында қуарған қалың шилері бар, жауыннан кейін беті тобарсыған қара жолда катар жүрген екі жолаушының ізі шұбап жатыр (Ш.А.). 3. Кер бие дымқыл көк шөпті анда-санда бір шалып, күрт-күрт шайнап, біресе пысқырып, біресе дұрыс қой, дұрыс қой» дегендей басын ұлғып қояды (Т.Ә.). 4. Қарсы алдынан жанға жайлы алтын күрек самал жел есіп қоя берді (қ.ж.). 5. Торы шолақты қаңтарып, тұсап, көк құнанды оның мойнына байлады да, отырып кітап оқуға айналды (Ж.А.).
Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылдың 10 маусымында өтті. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы) «Бейбітшілік қаласы» атағына ие болды. 2000 жылдан бастап Қазақстанның басты қаласы астаналар мен ірі қалалардың Халықаралық Ассамблеясының мүшесі болып табылады.Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылдың 10 маусымында өтті. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы) «Бейбітшілік қаласы» атағына ие болды. 2000 жылдан бастап Қазақстанның басты қаласы астаналар мен ірі қалалардың Халықаралық Ассамблеясының мүшесі болып табылады.
Объяснение:
Менің ана тілім – шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер - сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл. Ақын С.Торайғыров ана тілімді:
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін, – деп жырға қосқан.
Ана тілім-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі
көремін. Тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы К.Г.Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік» деген сөзі ойыма еріксіз оралады.
Сол үшін тілімізді сыйлайық!