3. Мәтінді оқы. Автордың пікіріне қосыласың ба? Неліктен? Мәтіннен мақсат бағыныңқылы сөйлемді тап.
Бүгінгі БАҚ жүйесі жетіліп, қалыптасқан жағдайда оны
былайша тұжырымдауға болады: радио ақпарат таратады,
құлақтандырады; телевизия оқиғаны, болмысты көрсетеді;
газет-журнал деректі, оқиғаны талдап, түсіндіреді; ғаламтор
ақпаратты сан қырынан көрсетеді.
Радиоақпарат таратудың басты 3 қасиеті бар. Радио-
ның ең басты қасиеті жеделдігі. Қалыптасқан БАҚ
жүйесінде бірде-бір басқа құрал мұндай жеделдікті қамтама-
сыз ете алмайды. Газет ақпараты оқырманына жету жолында
бірнеше күрделі процесті: деректі жинау, терім, беттеу,
көбейту және тасымалдан өтіп, бірнеше сағаттан бірнеше
тәулікке дейінгі уақытты қамтуы мүмкін. Телевизияда
соңғы жылдары ғарыштық байланыс капп
окля
Мен теледидар көремін.
Сабақ оқып, үй шаруасына көмектесуден қолым бос кезде теледидар көремін. Апта күндері мен уақытқа байланысты түрлі арналарда неше түрлі бағдарламалар көрсетіледі. Солардың ішінде менің сүйікті бағдарламам «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы күнделікті таңертең сағат жеті мен онның арасында болатын - «Таңшолпан» ақпаратты – сазды бағдарламасы. Күнделікті үзбей көруге тырысамын. Бұл ауқымды бағдарламаның түрлі қызықты айдарлары бар. Мысалы, «қызықты ақпарат», «ба зге шолу» және «қазақ жері» айдарларын аса зор ықыласпен тамашалаймын. Сонымен қатар эфирге шақырылған қонақтардың сұхбатын да тыңдағанды ұнатамын.
«Таңшолпан» бағдарламасы тікелей эфирде өтеді және бағдарлама жүргізушілері күн сайын көрермендерге әр түрлі тақырыпта сауалдар тастап, викториналық сұрақтар қойып отырды. Мен тіпті бірнеше мәрте бағдарламаға хабарласып, сауалдарға жауап беруге тырысқан болатынмын.
Мерекелер қарсаңында көрсетілетін түрлі бағдарламаларды отбасымызбен тамашалағанды ұнатамыз.
Әрине, теледидар көрген кезде демалып, уақыттың қалай зымырап өткенін де байқамай қаласаң, сондықтан да басқа шаруаларға да үлгеру үшін, сонымен қатар көздің көруі нашарламау үшін теледидарды күнделікті 1,5 – 2 сағаттан аспайтын уақыт көрген дұрыс деп есептеймін.