Спорт – денсаулық кепілі екені баршамызға аян. Ал Олимпиада ойындары бейбітшілік елшісі атанып кеткен. Себебі Олимпиада ойындары кезінде соғыстар тоқтатылып, қасиетті тыныштық орнайтын дәстүр қалыптасқан. Ал өзге елдердің спортшылары бір – бірімен күш сынасып, кімнің мықты екенін анықтайтын дүбірлі дода.
Олимпиада ойындары немесе Олимпиада төрт жылда бір рет өткізілетін ең ірі халықаралық кешенді спорттық жарыс.
Олимпиада ойындарының ұраны - «тезірек, жоғарырақ, күштірек». Олимпиада ойындары әрбір төрт жыл сайын өткізіліп тұрады, қысқы және жаздық болып екі түрге бөлінеді.
Олимпиада ойындары ежелге Грекиядан бастау алып, XIX ғасырдың соңында француздық қоғам қайраткері барон Пьер де Кубертенмен жаңартылған болатын. Дүниежүзілік соғыс уақытында ойындар тоқтатылған болатын.
Кезекті Олимпиада ойындары өткізілетін қала, ойындарға 7 жыл қалғанда арнайы Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) сессиясында анықталады. Олимпиада өткізілетін қала ресми мәлімдемесін тапсырған бірнеше қала кандидаттарының ішінен таңдалады. Таңдау кандидат елдерінің өкілдері мен ХОК президенінен басқа барлық ХОК мүшелерінің құпия дауыс беруі арқылы өтеді.
Ереже бойынша соңғы дауыс беру рәсіміне кандидаттар тізімі арасында бес қаладан артық болмауы тиіс, бұл тізім бір жыл бұрын ХОК мүшелерінің алдын ала дауыс беру нәтижесінде анықталады. Жеңімпаз кандидат дауыстардың жарытысынан артық жинау керек. Егер жеңімпаз алғашқы айналымда анықталмаса, онда екінші және кейінгі айналымдар өткізіледі.
Ең көп Олимпиада ойындарын өткізген ел - АҚШ — 8 рет, Франция 5 рет, Ұлыбритания 3 рет, Германия 3 рет, Жапония, Италия, Канада 3 рет. Олимпиада ойындары барлығы 21 елде өткізілген. Жазғы ойындар 18 елде, ал қысқы 11 елде өткізілген.
Салауатты өмір салтын ұстанып, еліміздің туын асқақтатын үздік спортшылармыз көп болсын дегім келеді.
Әлемдегі ең қымбат автокөлік шығаратын компаниялар туралы естіген боларсыз. Алайда бүгінде ең қымбатқа бағаланатын темір тұлпарлар жайлы көп білмеуіңіз мүмкін. Осы мақсатта дайындаған қызықты танымдық ақпаратымызды оқи отырыңыздар. Оқып қана қоймай, олардың теңгеге шаққандағы бағасын да біле жүріңіздер. 1. Bugatti Chiron Құны : 851 180 000 теңге Бұл көліктің алғаш рет жасалу нұсқасы 2013 жылы жарияланған болатын. Осы жылы Женева автосалонында ресми түрде таныстырды. Автокөлік атауы танымал автошабандоз Луи-Александр Широн құрметіне қойылған. Ол 1928-1958 жылдар аралығында «Формула-1» жарыстарындағы аты шыққан тұлға болды. Кейде автокөлік атауы әр тілде оқылғанда әр түрлі мағына да береді. Грек тілінде «Хирон» деп оқылса, БАҚ «Кайрон» деп те жазып жүр. «Bugatti» компаниясы жаңа автокөлік нұсқасының санын жыл соңына дейін 500-ге жеткізуді жоспарлап отыр. 2018 жылы компания автокөліктің жылдамдығы көрсеткіші бойынша рекорд орнатуды жоспарлап отыр.Бензин багының сыйымдылығы 100 литрді құрайды. Егер бар жылдамдығымен жүретін болса, жанармайы 9 минутқа ғана жетеді екен. 2.Pagani Zonda Revolucion Құны: 889 870 000 теңге «Gran Turismo» шығарған «Zonda» нұсқасындағы соңғы автокөлік соңғы уақытта аса бағалы саналып отыр. «Zonda» нұсқасындағы автокөліктер 1999 жылдан бері құрастырылып келеді. Соңғы нұсқасы «Zonda R (Revolucion)» деп аталады. Автокөлік 100 шақырым сағатына жылдамдықты 2,7 секундта алады. «Pagani Zonda Revolucion» күші 800 аттың күшіне пара-пар. 3. Lykan Hypersport Құны: 1 354 150 000 теңге «Lykan Hypersport» - арабтар шығарған алғашқы люксті гиперкар. «W Motors» компаниясының алғашқы автокөлігінің нұсқасы 2013 жылы Монакода таныстырылған болатын. Танымал «Форсаж 7» фильмінде осы автокөлік пайдаланылған. Моторының мықтылығы – 750 аттың күшіне тең. 100 метр қашықтыққа жылдамдықты 2,8 секундта алады. 4. Ferrari SP12 EC Құны: 1 702 360 000 тенге Бұл автокөлікті танымал британдық гитарашы, композитор әрі әнші Эрик Клаптон келісімшарт негізінде арнайы жасатқан. «Pininfarina» мамандары автокөлікті жасауға «Ferrari 458 Italia» автокөлігін негізге алған. Ал сыртқы көрінісін «Ferrari 512 BB» нұсқасына ұқсатқан. 5.Lamborghini Veneno Roadster Құны: 1 741 050 000 теңге Бұл автокөлік 2013 жылы Женева автосалонында таныстырылды. Бар болғаны 4 нұсқасы ғана шыққан. Оның біреуі мұражайға қойылса, үшеуі таныстырылымға дейін сатылып кетті. «Lamborghini Veneno Roadster» гиперкарын италиялық компания 50 жылдығына арнап шығарды. Моторының күші 750 аттың күшіне пара-пар. 6.Koenigsegg CCXR Trevita Құны: 1 760 395 000 теңге «CCXR» ертеректе шыққан «ССХ» нұсқасының жетілдірілген түрі. Бүгінде ең жылдам жүретін автокөліктер арасында экологиялық таза өнім саналады. Моторының күші 806 аттың күшіне тең. Ал жылдамдығын алдағы нұсқаларында тағы жоғарылатпақ. 7. McLaren X-1 Concept Құны: 1 799 085 000 теңге 2012 жылы «McLaren Automotive» Х-1 концепткарын арнайы таныстырды. Бұл автокөлік қалталы азаматтың арнайы тапсырысы бойынша жасалған. Жасалуына үш жыл уақыт кеткен. Ал автокөлікке тапсырыс берген тұлға әлі күнге дейін белгісіз. 8. Rolls-Royce Hyperion Pininfarina Құны: 1 818 430 000 теңге «Rolls-Royce» құрастырған жалғыз автокөлік 2008 жылы белгілі коллекционер Роланд Холл тапсырысы бойынша көпшілікке таныстырылды. Сыртқы қабаты – карбоннан, есіктері ағаштан жасалған. Моторының күші 453 аттың күшіне тең. Дегенмен араға бір жыл сала Роланд Холл ерекше құрметтейтін көлігін 5 миллион евроға сатып жіберді. 9.Maybach Exelero Құны: 2 756 000 000 теңге Әлемдегі ең қымбат көліктердің бірі - «Maybach Exelero». Моторының күші 700 аттың күшіне тең. Ал оның доңғалақтары көліктің асқан жылдамдықпен жүруіне қолайлы. Сағатына 100 шақырымдық жылдамдықты 4,4 секундта алады. 10. Mercedes-Benz SLR McLaren 999 Red Gold Dream Ueli Anliker Құны: 3 604 959 000 теңге Алтынмен апталып, күміспен қапталған бұл автокөлік арнайы тапсырыспен жасалған. Қауіпсіздігі соңғы үлгідегі наножүйе бойынша қорғалады. Ұрланған жағдайда арнайы радар орнатылған. Ол көлік иесіне бар хабарды беріп отырады. 2011 жылы жасалған бұл автокөліктің ең қатты жылдамдығы сағатына 350 шақырымды құрайды.
Спорт – бейбітшілік елшісі.
Спорт – денсаулық кепілі екені баршамызға аян. Ал Олимпиада ойындары бейбітшілік елшісі атанып кеткен. Себебі Олимпиада ойындары кезінде соғыстар тоқтатылып, қасиетті тыныштық орнайтын дәстүр қалыптасқан. Ал өзге елдердің спортшылары бір – бірімен күш сынасып, кімнің мықты екенін анықтайтын дүбірлі дода.
Олимпиада ойындары немесе Олимпиада төрт жылда бір рет өткізілетін ең ірі халықаралық кешенді спорттық жарыс.
Олимпиада ойындарының ұраны - «тезірек, жоғарырақ, күштірек». Олимпиада ойындары әрбір төрт жыл сайын өткізіліп тұрады, қысқы және жаздық болып екі түрге бөлінеді.
Олимпиада ойындары ежелге Грекиядан бастау алып, XIX ғасырдың соңында француздық қоғам қайраткері барон Пьер де Кубертенмен жаңартылған болатын. Дүниежүзілік соғыс уақытында ойындар тоқтатылған болатын.
Кезекті Олимпиада ойындары өткізілетін қала, ойындарға 7 жыл қалғанда арнайы Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) сессиясында анықталады. Олимпиада өткізілетін қала ресми мәлімдемесін тапсырған бірнеше қала кандидаттарының ішінен таңдалады. Таңдау кандидат елдерінің өкілдері мен ХОК президенінен басқа барлық ХОК мүшелерінің құпия дауыс беруі арқылы өтеді.
Ереже бойынша соңғы дауыс беру рәсіміне кандидаттар тізімі арасында бес қаладан артық болмауы тиіс, бұл тізім бір жыл бұрын ХОК мүшелерінің алдын ала дауыс беру нәтижесінде анықталады. Жеңімпаз кандидат дауыстардың жарытысынан артық жинау керек. Егер жеңімпаз алғашқы айналымда анықталмаса, онда екінші және кейінгі айналымдар өткізіледі.
Ең көп Олимпиада ойындарын өткізген ел - АҚШ — 8 рет, Франция 5 рет, Ұлыбритания 3 рет, Германия 3 рет, Жапония, Италия, Канада 3 рет. Олимпиада ойындары барлығы 21 елде өткізілген. Жазғы ойындар 18 елде, ал қысқы 11 елде өткізілген.
Салауатты өмір салтын ұстанып, еліміздің туын асқақтатын үздік спортшылармыз көп болсын дегім келеді.
1. Bugatti Chiron
Құны : 851 180 000 теңге
Бұл көліктің алғаш рет жасалу нұсқасы 2013 жылы жарияланған болатын. Осы жылы Женева автосалонында ресми түрде таныстырды. Автокөлік атауы танымал автошабандоз Луи-Александр Широн құрметіне қойылған. Ол 1928-1958 жылдар аралығында «Формула-1» жарыстарындағы аты шыққан тұлға болды. Кейде автокөлік атауы әр тілде оқылғанда әр түрлі мағына да береді. Грек тілінде «Хирон» деп оқылса, БАҚ «Кайрон» деп те жазып жүр.
«Bugatti» компаниясы жаңа автокөлік нұсқасының санын жыл соңына дейін 500-ге жеткізуді жоспарлап отыр.
2018 жылы компания автокөліктің жылдамдығы көрсеткіші бойынша рекорд орнатуды жоспарлап отыр.Бензин багының сыйымдылығы 100 литрді құрайды. Егер бар жылдамдығымен жүретін болса, жанармайы 9 минутқа ғана жетеді екен.
2.Pagani Zonda Revolucion
Құны: 889 870 000 теңге
«Gran Turismo» шығарған «Zonda» нұсқасындағы соңғы автокөлік соңғы уақытта аса бағалы саналып отыр. «Zonda» нұсқасындағы автокөліктер 1999 жылдан бері құрастырылып келеді. Соңғы нұсқасы «Zonda R (Revolucion)» деп аталады.
Автокөлік 100 шақырым сағатына жылдамдықты 2,7 секундта алады.
«Pagani Zonda Revolucion» күші 800 аттың күшіне пара-пар.
3. Lykan Hypersport
Құны: 1 354 150 000 теңге
«Lykan Hypersport» - арабтар шығарған алғашқы люксті гиперкар. «W Motors» компаниясының алғашқы автокөлігінің нұсқасы 2013 жылы Монакода таныстырылған болатын. Танымал «Форсаж 7» фильмінде осы автокөлік пайдаланылған. Моторының мықтылығы – 750 аттың күшіне тең. 100 метр қашықтыққа жылдамдықты 2,8 секундта алады.
4. Ferrari SP12 EC
Құны: 1 702 360 000 тенге
Бұл автокөлікті танымал британдық гитарашы, композитор әрі әнші Эрик Клаптон келісімшарт негізінде арнайы жасатқан. «Pininfarina» мамандары автокөлікті жасауға «Ferrari 458 Italia» автокөлігін негізге алған. Ал сыртқы көрінісін «Ferrari 512 BB» нұсқасына ұқсатқан.
5.Lamborghini Veneno Roadster
Құны: 1 741 050 000 теңге
Бұл автокөлік 2013 жылы Женева автосалонында таныстырылды. Бар болғаны 4 нұсқасы ғана шыққан. Оның біреуі мұражайға қойылса, үшеуі таныстырылымға дейін сатылып кетті. «Lamborghini Veneno Roadster» гиперкарын италиялық компания 50 жылдығына арнап шығарды. Моторының күші 750 аттың күшіне пара-пар.
6.Koenigsegg CCXR Trevita
Құны: 1 760 395 000 теңге
«CCXR» ертеректе шыққан «ССХ» нұсқасының жетілдірілген түрі. Бүгінде ең жылдам жүретін автокөліктер арасында экологиялық таза өнім саналады. Моторының күші 806 аттың күшіне тең. Ал жылдамдығын алдағы нұсқаларында тағы жоғарылатпақ.
7. McLaren X-1 Concept
Құны: 1 799 085 000 теңге
2012 жылы «McLaren Automotive» Х-1 концепткарын арнайы таныстырды. Бұл автокөлік қалталы азаматтың арнайы тапсырысы бойынша жасалған. Жасалуына үш жыл уақыт кеткен. Ал автокөлікке тапсырыс берген тұлға әлі күнге дейін белгісіз.
8. Rolls-Royce Hyperion Pininfarina
Құны: 1 818 430 000 теңге
«Rolls-Royce» құрастырған жалғыз автокөлік 2008 жылы белгілі коллекционер Роланд Холл тапсырысы бойынша көпшілікке таныстырылды. Сыртқы қабаты – карбоннан, есіктері ағаштан жасалған. Моторының күші 453 аттың күшіне тең. Дегенмен араға бір жыл сала Роланд Холл ерекше құрметтейтін көлігін 5 миллион евроға сатып жіберді.
9.Maybach Exelero
Құны: 2 756 000 000 теңге
Әлемдегі ең қымбат көліктердің бірі - «Maybach Exelero». Моторының күші 700 аттың күшіне тең. Ал оның доңғалақтары көліктің асқан жылдамдықпен жүруіне қолайлы. Сағатына 100 шақырымдық жылдамдықты 4,4 секундта алады.
10. Mercedes-Benz SLR McLaren 999 Red Gold Dream Ueli Anliker
Құны: 3 604 959 000 теңге
Алтынмен апталып, күміспен қапталған бұл автокөлік арнайы тапсырыспен жасалған. Қауіпсіздігі соңғы үлгідегі наножүйе бойынша қорғалады. Ұрланған жағдайда арнайы радар орнатылған. Ол көлік иесіне бар хабарды беріп отырады. 2011 жылы жасалған бұл автокөліктің ең қатты жылдамдығы сағатына 350 шақырымды құрайды.