3. Ақтау порты және ондағы су көлігінің түрлері туралы зерттеу жұмысын дайындап, топ алдында қорғаңдар. Үлгі: Еліміз өз портын жаңадан құрды. Онда қазіргі заманғы танкерлер, өздігінен журетін баржалар, музжарғыш буксирлер бар. Елдің басты «теңіз қақпасы» – қат- пайтын Ақтау сауда порты...
Әсем әлем
Таң сібірлеп ата бастағанда оянатын болып жүрмін. Арайлап атқан таңды қарсы алғым келеді.
Бәрінен де күн шығып келе жатқандағы түленуін айтсаңызшы. Көл беті баяу толқып, жыбырлап, өзінше тыныстап, кербез жатады. Осы көрініс әуелі қара күреңденіп, бірте-бірте сібірлеп, ашық түске ойысып, енді күннің алтын кірпік сансыз найзасы шаншылып, нұрланып, жылтылдап, інжу-маржан шашып тастағандай жалт-жұлт етіп, құбылып ойнайды. Бір сәт алаулап, өртеніп, жалын шашқандай. Осы кезде сонау көкжиектен астасқан тұстан қылаң етіп әлдене көзге шалынады. Ол ақ кеме. Ыссықкөлдің ұзына бойымен ақ кеме жүзіп бара жатады.
Осыдан кейін менің қалт жібермей бақылайтыным күннің батуы. Жайшылықта ешнәрсе емес, күн батар кездегі көрінісі тамаша. Күн дегеніңіз қан қызылданып, жақындап келіп, ай табақтанып жалқық атып, балқып барып қонады. (114 сөз)
Елімізде заңсыз аң аулауға тиым салынған.Аң аулау үшін аңшының аңшы куәлігі,қаруды ұстаудағы құқығы және аң аулауға рұқсаты болуы керек.Броконерлер заңсыз аң аулап, мемлекетке 350млн.тг.шығын келтірген.Сондықтанда заңсыз аң ауласаңыз үстіңізден қылмыстық іс қозғалады.Еліміз бойынша рұқсатпен аң аулауға аңдардың 34 ал құстардың 59түрі бекітілген.Оларды тек заң бойынша белгіленген жерлерде ғана атып ала аласыз.Атып алуға болатын аңдарға:аю,тау ешкі,бұғы,елік,доңыз ал құстардан үйрек,қаз,құр және шілдерге рұқсат берілген.Қызыл кітапқа енген аңдар мен құстарды атуға болмайды,заңмен жазаланады.Аңдарды тек аңшылық маусымы ашылған кезде ғана атуға рұқсат.Егер басқа кез-келген мерзімде аңға шығатын болсаңыз заң жүзінде қатаң жазаланады.