28-жаттығу. Диалогті жұбьщмен оқы. - Ержан, мұның не? Қағазды қоқыс жәшігіне салмайсың ба?
- Айгүл, ештеңе етпейді. Еден жуушы жинап алады. Бір парақ қағазды лақтырғанда не тұр?
- Ержан, бәрі де осындай кішігірім елеусіз нәрселерден басталады. Бұл - біздің білім алатын сыныбымыз. Оны таза ұстау және қорғау - біздің міндетіміз.
- Жарайды. Келесі жолы қағаз тастамауға уәде беремін.
• Сен Ержанның орнында болсаң, не істер едің?
• Мәтінде біріккөн сөздер кездесті ме?
• Парталас жұбьщмен демалыс мәдениетіне диалог құрастырьш көр.
ӨТКЕНДЕР КӨМЕКТЕСІҢДЕРШІ
Әдеби әлемнің танымал туындылары оқырманына дәуірдің тыныс-тіршілігі мен тарихи кезеңдері, әлеуметтік теңсіздік пен қоғамдық құндылықтар, сондай-ақ автордың тебіреністері жайында сыр шертеді. Абайдың ұлы поэзиясы, Толстойдың тарихи прозасы, Ибсенның новаторлық драматургиясы біз үшін өткен күндердің картинасын құруға және де сол заманның әлеуметтік санасына кіріп кетуге мүмкіндік береді. Әрине, бұның барлығы да әдебиеттің құдіретті күші. Ол бізге шетел асып, шекараны бұзуға көмектеседі: түрік әлеміне жақын боламын десең, Памуктың романдары, ал үндістердің өмірімен танысамын десең, Рушдидың прозасы бар. Алайда, жазушы болу — үлкен жауапкершілік, әрі кез келгеннің қолынан келе бермейтін өнер. Содан болар, қазіргі жазушылардың көтерген әдеби жүктерінің ауырлығы соншалық, посткеңестік кеңістікте ұлттық проза кенжелеп, жазушы деген атақ құнсызданып бара жатқандай...
Жібек еш ойланбастан қайнысымен бірге қашуға бел байлайды. Өйткені, ол, біріншіден, Төлегеннің "өліп кетсем, артымда еш жаманға қор қылмас Сансызбай атты інім бар" деген өсиетін орындауы керек. Екіншіден, Жібек, өз заманының салты бойынша, өзін Жағалбайлының жесірімін деп есептейді де, әмеңгерінің келуін күтеді. Үшіншіден, Сансызбай Төлегеннен аумайды, сондықтан Жібек оны "Төлегеннің өзі" деп қабылдайды. "Сансызбайды көрген соң, Жібектің көңілі тояды", - дейді жыршы. Демек, Жібек енді өзі сүйіп қалады Сансызбайды. Яғни, Жібек марқұм болған жарының өсиеті мен ата салтын орындау үшін ғана тимейді Сансызбайға. Ол өзі ғашық болады, сөйтіп, оның Төлегенге деген іңкәрлігі Сансызбайға ауысады