Түркістан қаласы – Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Шығысында тарихи қала Отырар, батысы Жаңақорған ауданымен (Қызылорда) солтүстігінде Созақ, Кентау қаласымен шектесіп жатқан киелі жер.
Еуразия кіндігінде орналасқан, Ұлы Жібек жолының дархан даласына айналған өлке де ертеден қала соғылды, мәдени ошақтар салынды. Ғажайыбы сырға толы өзен-көлдер мен тау-тастар, ормандар мен шөлейіттер массиві тарихи кезеңдердің куәсі болды. Мыңжылдық өркениет тоғысы бар шежірелі қалалар талай соғысты бастан өткізді. Қазақ хандығының, Қыпшақ ұлысының, Түрік қағанатының астанасы болған қалалар да жетерлік. Ондай қалалардағы ескерткіштер, мәдени орындар, ескі ғимараттар шежірелі тарих болып қалмақ.

Қызығыңды көп көрдім,
Қарабастау, Құлансаз*.
Күндерімді өткердім,
Сенде жүріп ұзақ жаз.
Көкорайға жайылған
Секілді едік үйрек, қаз.
Ештеңе жоқ уайымнан,
Жүруші едік көңіл мәз.
Патша әмірі тарылды,
Оған қылар бар ма ылаж?!
Ішке толған зарымды
Кімге айтармын қылып наз!
Көген көзді қосақтап,
Қалай қиып берерміз?!
Көздің жасы моншақтап,
Көңіл шер боп өлерміз.
Көк жайлауды қалдырып,
Қайда көшіп кетерміз?!
Көкіректі зар қылып,
Қорлықпен қайтіп өтерміз?!
«Бес үйден бір жігіт!» деп,
Болыстар жүр шапкылап.
Жасауылы үй тінтпек,
Қылыштары жарқылдап.
Бүйтіп көрген күн құрсын,
Жапырақтай қалтырап!
Таусылғандай тынысың,
Күнде жүрек қансырап.
Дүниенің кеңдігі -
Жүргеніңде басың бос.
Жан қысылса, белгілі,
Таба алмайсың жақын дос.
Өз араңнан шыққандар
Таяқ соғар өзіңе.
«Әр нәрсеге - бір зауал»
Дейтін еді кезінде.
Би, болысты тәңірі атты,
Ел қорғауға жарамай.
Ағайынды еңіретті,
Көз жасына қарамай.
Енді ойласақ, не қалды,
Ата жұрттан кету бар.
Жолға тігіп не жанды,
Тәуекелге беку бар!
Не болмаса шыбындап,
Тағдырыңа көну бар.
Көнсең, күнде шығындап,
Ит қорлықта өлу бар!