20б переведите стихотворение толегена айбергенова на рус. яз., только не с бір тойым болатыны сөзсіз менің, дәл қай күні екенін айта алмаймын. бірақ бірақ ешкімді де билетпей қайтармаймын. онда ортаға тасталар ұран сондай: қайта алмайды қартың да бір ән салмай, жиырма бестің бәрін де сабылдыртам, кемпірлерге қыз күнін сағ сәбилерге ағаны үлгі етемін, жеңгейлердің толтырам гүлге етегін. менің жарым бұл түні кірпік ілмей, ақ көңілімен қуаныш бүртігіндей, омырауынан бір тәуір шайқап есіп, ажырасқанды жүреді қайта қосып. мен өзім де ән салам түн ауғанша, менің жаным бұл күнге құмар қанша! бәйгі берем жығылған палуанға да, адалдығы сезіліп тұрар болса. қыз қуатын жігітке ат беремін, жанам деген жүрекке от беремін. мен әйтеуір бар жиған-тергенімді бір тамаша той қылып өткеремін. біздің үйді сол күні бетке ал қауым, нысанаға ап қуаныш тоқталмауын. мен бұл тойдан тілеймін жылап тұрып, қазанымда бір асым ет қалмауын, мен сөйтіп бар шаңнан бір сілкінемін, мен сөйтіп рақаттанып бір күлемін. кім білсін талай күнгі арманым еді, мәңгілік тарқамауы да мүмкін оның.