HeadHunter порталы мәліметіне қарағанда сұраныс ең көп сала – сауда-саттық екен. Әсіресе, тұтынушылармен тікелей жұмыс істеуші менеджерлерге зәру компаниялар көп. Сонымен қатар, тікелей және бөлшектеп сатумен айналысатын жұмыс орындарында да мамандар тапшы.
Екінші орында басқармалы есеп, бухгалтерия, кәсіпорындардағы қаржы бөлімі екен. Әсіресе, қарапайым бухгалтерлерге сұраныс көп. Сонымен қатар, бастапқы құжат айналымы және төлемдер мен шоттар есебін жүргізуші маман іздеуші мекемелер де алдыңғы үштікте.
Үшінші орында әкімшілік басқару, ұйымдастыру, үйлестіру жөніндегі қызметкерлер. Ең көп сұранысқа ие мамандық – офис-менеджерлік, іс-қағаздар мен құжат айналымы маманы және жеке көмекшілерге зәру басшылар жетерлік екен.