2-тапсырма. Табиғи экожүйе сипаттамасын оқып, дала жануарларын қоректену тәсіліне қарай топтарға бөл. Осы экожүйеге тән екі қорек
тізбегін жаса, оларды мәтінде көрсетілген өкілдермен толықтыр.
Далада ағаш атаулы өте сирек. Оның есесіне шөптектес
өсімдіктер мен бұталар мол өседі. Дала өсімдіктері құрғақ-
шылық пен аптап ыстыққа төзімді келеді. Қазақстанның
далалық өсімдіктерінде жусан мен ақселеу басым. Қиыршық
тасты далада жебір, көктiкен және басқа өсімдіктер өседі.
Далада дәрілік және балды өсімдіктер де кездеседі.
Қазақ даласында ақбөкен, түз суыры, түлкі, қарсақ және
шақылдақ тәрізді сүтқоректілер, сондай-ақ дала бүркіті, боз-
торғай және ақбас тырна секілді құстар мекендейді. Дуадақ,
безгелдек сияқты дала өкілдері толығымен жойылып кетті.
Дала кеміргіштері арасында ұсақ жертесерлер көзге түседі. Үл-
кен саршұнақ, кәдімгі сұр тышқан т.б. зиянкес кеміргіштер
бар. Оларды қанатты жыртқыштар: дала және шалғын ителгісі,
күйкентай , бөктергілер аулайды.Қаратопырақты аймақтарда дала бозторғайы ,бөдене жиі кездеседі .Бұл аталған түрлер басқа жерлерде де кездеседі , бірақ негізінен Қазақстан далаларын мекендейді
кім білет
берем
казыр