2-тапсырма. Ұсынылған суреттердегі символ мен кейіптеу түрлерін пайдаланып, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу - махаббат символы» тақырыбында шағын әңгіме жазыңыз.
Əлемде сəт сайын бір жаңалық ашылып жатыр. Ғалымдар ғажайып жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізу жолында аянбай еңбек етуде. Адам өмірін жеңілдететін роботтар осыған дәлел. Бүгінде роботтар адам атқаратын кез келген қызметті айна-қатесіз орындай алады. Үй жинап, егде кісілерге немесе балаларға күтуші болып, сатушы ретінде сатып алушылардың сұрағына жауап бере алатын роботтар, робот мұғалімдер немесе ақылды техникалар – осы заманғы ғылымының басты тенденциясы. Өткен жылы Қытайдың робот-журналисі Сяо Нань алғашқы мақаласын Southern Metropolis Daily газетіне жариялаған еді. 300 иероглифтан тұратын мақаланы жазуға робот бір секунтын ғана жұмсаған. Роботты жасаушы Бейжің университеті командасының басшысы. Оның айтуынша, Сяо Нань шағын хабарлама ғана емес, көлемді мақала жазуға да қабілетті. Оның ең басты ұтатын тұсы - мәліметтерді жылдам қорыта алады және мәтін теріп уақытын жоғалтпайды. Алайда мамандардың айтуынша, әзірге робот нағыз журналистерді алмастыра алмайды. Себебі, ақылды машиналар көлемді мақалаларды, қысқаша шолуды жасай алғанымен, сұхбат құра, терең ой қорыта алмайды. Бірақ жақын болашақта олар журналистерді толығымен ауыстыруы да мүмкін. Робот-журналистер қазірдің өзінде батыстың көптеген ірі басылымдарында жұмыс істейді. Олар, әсіресе қаржы, спорт салаларында статистикалық деректердің үлкен көлемін жедел өңдеу үшін қажет. Кейбір жағдайларда, роботтар журналистерге материалды жинауға көмектеседі және қызықты деректерді қарастырады. Мысалы, Washington post бірнеше жыл бойы Heliograf атты жазу роботын қолданып келеді. Осы уақытқа дейін робот мыңдаған мақала жазған. Ал Associated Press робот-журналистердің 20% уақытын үнемдегенін, қателер саны да айтарлықтай азайып, материалдар көлемі 10 есеге артқанын жазған. Жалпы роботтарды пайдалану журналистикаға үлкен көмек. Алайда робот-журналист тез және көлемді жаза алғанымен терең әрі жүйелі талдау жасай алмайды, материалдардың сапасы төмендеуі бек мүмкін дейді мамандар. Бірақ, мақала роботпен жазылса, онда бұл туралы айтылуы керек. Бұл роботтың авторлық құқықтарын қорғау үшін емес. Керісінше, оқырман мақаланың адам жазбағанын білуі керек. Мамандардың жүргізген зерттеулері көрсеткендей, роботтың көмегімен жазылған мақаланың рейтингі әлдеқайда төмен. Техника екенін білген соң, оқырман роботқа адамға сенгендей сенбейді. Мүмкін, оқырман роботқа айналса ғана аудитория робот-журналистерге сенетін шығар деген ой келеді.
Дереккөз::https://qazradio.fm/kz/news/13610/
Кез келген материалды көшіріп жариялау, бөлісу үшін qazradio.fm сайтына сілтеме берілуі тиіс.
Не поленись,прочитай.Ел аузындағы аңыз-әңгімелерге қарағанда, ол Тәуке ханның белгілі би-батырлары бастаған елшілігіне ілесіп алғаш рет қалмақ қоңтайшысы Цэван Рабданға барғанында 14 жаста екен. Қылышынан қан тамған қаһарлы қалмақ ханының алдында қазақ билері жасқаншақтық танытып, күмілжіңкіреп қалған сәтте жасөспірім Қазыбек: “Дат, тақсыр!” деп жұлқынып алға шығады да: “Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау ба деп найзасына жылқының қылын таққан елміз. Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз. Бірақ асқақтаған хан болса – хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса – құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса – күң боламын деп тумайды, ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп отыра алмайтын елміз. Сен темір болсаң, біз көмірміз – еріткелі келгенбіз, қазақ-қалмақ баласын теліткелі келгенбіз. Танымайтын жат елге — танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең – шабысқалы келгенбіз. Сен қабылан болсаң, мен арыстан – алысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенбіз. Бітім берсең – жөніңді айт, бермесең – тұрысатын жеріңді айт!” – депті. Жас баланың бұл сөздерінен бас алыспақ батырлықты да, ынтымаққа шақырған ізгілікті де аңғарған қалмақ ханы әділдікке жығылып, өжеттігі мен шешендігіне риза болып: “Дауысың қаздың дауысындай екен, бұдан былай сенің есімің Қаз дауысты Қазыбек болсын”, – деген екен. Соның арқасында елшілік жау қолындағы 90 тұтқынды шабылған мал, тоналған мүлігімен шашау шығармай қайтарып алып, елге олжалы оралған екен. Қазыбек бұдан кейін де жоңғарларға екі рет елшілікке барып, ел намысына дақ түсірмей, көздеген мақсатын орындап қайтқан.