2 - тапсырма. Мәтінді оқып, тест тапсырмаларын орындаңыз Қонақ келсе – құт Қазақ халқы - өте қонақжай халық. Қонағын құдайындай сыйлаған. Қонағы келсе малын сойып, қарсы алған. Өйткені қазақта «Қонақ келсе – құт келеді» деген ұғым қалыптасқан. Үйге кірген адам дастарқаннан дәм татпай кетпейді. Қазақ дәм татыруды достықтың,татулықтың ,бірліктің сара жолы деп түсінген.Халық ұғымында аста қасиет,құдірет,кие бар деп түсіндірілген. Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған әрі қастерлей білген. Ел-жұрт жадында «ас- адамның арқауы»деген қағида қалыптасқан.
1 Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз. Определите основную мысль текста. /1-ұпай/
А) Әке мен бала арасындағы туыстық
В) Келін мен ата арасындағы сыйластық
С) Үлгілі отбасы мүшелері арасындағы сыйластық
D) Қонағын құдайындай сыйлаған
2. Мәтінге нақтырақ тақырып табыңыз. /1-ұпай/
Выберите наиболие подходящий заголовок к тексту.
А) Досымның отбасы В) Әке – отбасының тірегі
С) Қазақ – қонақжай халық D) Спорт – дене шынықтырудың кепілі
3. Мәтіндегі маңызды емес ақпаратты таңдаңыз. /1-ұпай/
Выберите менее важную информацию по содержанию текста
А) Сәлімнің отбасы үлгілі В) Қонақжайлық
С) Қазақтың ұлттық дастарқанында тамақтың үш түрі болады
D) ет, сүт, нан тағамдары.
4. Мәтіннің бірінші азат жолына дәлірек тақырыпша табыңыз. /1-ұпай/
Выберите наиболее подходящий заголовок для первого абзаца.
А) Досты қарсы алу В) Қонақжайлылық
С) Дастарқан басын Отбасындағы сыйласт
5. Мәтіндегі мәтелді анықтаңыз.Определите поговорку в тексте /1-ұпай/
Ғаламтор туралы диалог құрастыру.
Ағасы: Бауырым, осы соңғы кездері ғаламторға тәуелділік қоғамдағы ең үлкен мәселеге айналып отыр. Осы жайлы не ойлайсыз?
Інісі: Ия, дұрыс айтасың. Ғаламтор пайда болғаннан бері адамдардың өмірін жеңілдетіп, барша сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік пайда болды. Ғылым мен техниканың дамыған заманында өз өмірімізді компьютерсіз елестету қиын.
Ағасы: Дегенмен, бұл құрылғының пайдасымен қатар зияны де аз емес. Ең басты зияны - ол денсаулыққа тигізетін зияны. Компьютер алдында ұзақ отыру көз бен омыртқаға аса үлкен зақым келтіреді. Сондықтан да компьютерда көп жұмыс жасайтын адамдарға арнайы көзілдірік киіп, отырған кезде де арқаны тік ұстауға тырысу керек. Сонымен қатар уақтылы үзіліс жасау керек.
Інісі: Осындай келеңсіздіктер орын алмауы үшін, компьютерді тек керек кезінде немесе күніне 1 - 1,5 сағаттан аспайтын уақыт қолдану керек деп ойлаймын. Мен өзім осы ережені сақтап, қалған бос уақытымда анама көмектесемін.
Ағасы: Сондықтан ғаламторды тек қажет уақытында пайдалану керек деп деп ойлаймын. Ал басқа бос уақытыңды пайдалы іске арнап, ата – анаңа, бауырларыңа көмектесіп немесе спортпен айналыссаң болады. Кітап оқысаң, тіпті жақсы, нұр үстіне нұр болар еді.
Цирк қызықтары.
Цирк дегеніміз - сахналық - эстрадалық өнердің бір түрі. Көбінесе, цирк дегенімізде көбіміздің көз алдымызға сайқымазықтар елестейді. Дегенмен, циркте тек қана сайқымазақтар өнер көрсетпейді бұл жерде қаншама өнер иелері түрлі сахналық көріністер қояды. Мысалға алар болсақ, әуеде қалқыған акробаттар, пантомима жанрындағы әртістер, мың бұралған гимнасттар, түрлі фокус көрсететін сиқыршылар, жонглерлік өнер иелері және т.б. Көбінесе цирктегі қойылымдар түрлі трюктерге негізделеді.
Біздің қаламызда цирк бар. Цирк қойылымдарын өткізбей, отбасымызбен бірге барып тамашалағанды ұнатамыз. Әсіресе, маған әуеде қалқыған акробаттар мен сиқыршылардың өнері ерекше ұнайды. Жуырда балалар күніне орай жаңа сахналық көрініс әзірленуде. Соны асыға күтудемін.