2 - тапсырма . Мәтінді оқы , етістіктерді тап . Етістіктерді бұйрық рай формасына қой . Қозы Көрпеш - Баян сұлу күмбезі Х - ХІ ғасырларда тұрғызылған . Күмбез Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Таңсық ауылы Аягөз өзеніне жақын жерде орналасқан . Күмбездің қабырғасы гранит және сабан аралас балшықпен қаланған . Күмбездің есігі шығысқа қаратылған . Күмбездің жанында тас мүсіндер болған . Қасиетті құты ұстаған үш әйел мен бір еркек бейнеленген мүсіндерді 1771 жылы Григорий Волошин , 1856 жылы Шоқан Уәлиханов қағаз бетіне түсірген . Халық аңызы бойынша , біріншісі – Баян сұлу , екіншісі – оның сіңлісі Айғыз , үшінші сі – апасы . Ал ер адам – Қозы . Бірақ , өкінішке орай , қазір бұл мүсіндер жоғалып кеткен .
Еркебұлан: Алмасбек, маған
шығармашылық жұмысқа түрлі
адамдарын пікірін жинастырып, талдау
жұмысын жасау керек. 5 - 10 минут
уақытың болса, бір сауалға жауап беріп,
өз пікіріңді айтқанға қалай қарайсың?
Алмасбек: Жақсы, қандай сауал екен?
Еркебұлан: Қазақ халқында «Отан
отбасынан басталады» деген терең
мағыналы сөз бар. Осы сөздермен
келісесің бе, жалпы пікірің, көзқарасың
қандай?
Алмасбек: Иә, толықтай келісемін. Себебі,
әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі,
шағын Отан. Отбасы - әрқайсымыз үшін
сүйіспеншілік, сыйластық, жарастық,
татулық орнаған қасиетті мекен. Осы
кішігірім «Отанымызда» бойымызға
дарыған тәлім - тәрбие, елімізге,
жерімізге деген сүйіспеншілік, ар -
намыс қағидалары өмір бойы бізді
жетелеп жүреді. Себебі, отбасының бала
тәрбиесінде алар орны ерекше, баланың
қалыптасуы отбасынан бастау алады,
сондықтан да туған үйдің жылуы - оның
көкірегінде көп жылдар бойы сақталып,
мәңгі есінде жүреді.
Еркебұлан: Қандай керемет жауап.
Рахмет. Жалпы, отбасында ұл бала менҚыздың тәрбиесі қандай болуы керек? Алмасбек: ата-ана тәрбиесі қатар жүретін жерде жақсы азамат қалыптасатынына күмән жоқ. сонымен бірге мен "ұлдың масқарасы - әкеде, қыздың масқарасы - анада" деген мақал туралы ойлаймын, яғни біздің халқымыз отбасында басталған ұлдар мен қыздардың тәрбиесіне үлкен мән береді. қазақ отбасында кез-келген уақытта ұл бала әкесіне қарап өседі, ал қыз анасына қарап өседі. біздің әкелеріміз балаға өнер мен еңбек, сондай-ақ жақсы моральдық қасиеттерді сіңірді. "Мен білмеймін", - деді ол. Еркебұлан: Пікіріңіз үшін көп рахмет, досым!
Күшігім еркелей білетін,
Кейде ол шәуілдеп үретін.
Жата қап аяғын көтерсе
Көргендер еріксіз күлетін.
Тойған соң томпайып жататын,
Бір тәтті ұйқыға бататын.
Түсінде мысықпен алысып,
Жүретін бөлмеде жарысып.
Қарасам, міне енді өсіпті,
Ит бопты кәдімгі қабаған.
Әуелі өзіме өшікті
Күнәм жоқ бір рет сабаған.
Мақтайды біреулер даурығып,
Қасқыр деп итімді қабаған.
Мен жүрмін кете алмай айығып,
Өз итім түсірген жарадан,
***
Отырсам үндемей үйімде,
Тоқмейіл, ақпейіл күйімде.
Келуші көбейіп кетеді
Шашымның ағынан сүюге.
Мақтауға бәрі әзір, жайдары
Мейрімнің ағаға шегі жоқ.
Ақтарар сырларын қайдағы,
Бірінің дығы жоқ, кегі жоқ.
Сәл ғана өзгеріп қалпымнан,
Әділдік сөйлесем болғаны,
Біреуі алып қап алқымнан,
Союға әзір тұр қалғаны...
Тойған соң жататын пырылдап
Мен мысық емеспін, достарым,
Жан болып жүрген сон, шырылдап
Айтамын арымның қосканын