2 - тапсырма Кестені толтырыңыз: Караи маселелер көгерші? IIын арманы мәселені аагын үнінен Кан зан үйі - өнее броса: Ривераның туған елінің аянышты тұрмысы... Шығарманың басындағы Елін сүюге, өз халқының Риверанын Деннимен сайыска жаркын болашағы үшін түсер алдындағы туған елін көз күресуге алдына елестеткен тұсы.
Төлеген Айбергенов Ана Арманыңды ақтарам ба жүрегімде тербесем, Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен. Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем, Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен. Сұлу әлем, әлем сұлу сен жаратқан адаммен, Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен. Сендік қуат болар, бәлкім, басын иді көк маған, Әр кез сенен туғанымды есіме алсам, тоқтаман. Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білемін, Ұмыт қалмау үшін менің шарқ ұрады жүрегім. Шат жүріп-ақ қас қаққанша боламын мен шерменде, Жетім емес кей ананың жетімдігін көргенде, Көз алдымда жас дөңгелеп булығам да ызадан, Маған тіпті сөз келмейтін ұяттардан қызарам. Бұл дүниеге онсыз-дағы кеткен жоқ па көп есең, О, аналар, кей пасықты жаратасың неге сен! Тасбауырлар дүниеге келсін де, тез кетсін де, Әлде өзгелер ондайлардан жиіркенсін дейсің бе? Қай кеудені жылытады лапылдаған отпенен, Өз кеудесін жылытуға құдіреті жетпеген. Анаң саған керек болса, балаңа да сен керек, Кезекпенен ауысатын ғұмыр ғой бұл дөңгелек. Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға, Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда. Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы, Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы. II Білмедім мен, сен әйтеуір ораласың көп тілге, Киелі сүт құдіретімен әлде есейіп кеттім бе? Ана десе әйтеуір мен өзге сөзді есітпен, Құлағыма үн келеді қоңыраулы бесіктен. Құлағымда ол үн менің көрген емес толастап, Өйткені сен жылауыма қарсы болдың о баста-ақ.. Бүкіл әлем шуларына жіберді де сүңгітіп, Өзің қаққан қоңыраудан кетті маған тіл бітіп… Қоңыраулардың үні мені жетектеді қиянға. Қоңыраулардың үні мені шомдырды сан қиялға. Тұтқасынан ұстамақ боп дария – білім есіктің, Мектеп бардым, онан да мен қоңырау үнін есіттім. Ұстаз болдым. Сөз сөйлетті болашақтың мінбері, Көз алдымда қызыл ала қызғалдақтар гүлдеді. Дәл бүгін де нұрлы ертеңнің қоңырауы етіп тұр мені, Өміріме өзің қаққан қоныраудың үндері. Өзің қаққан қоңырауда өмір жыры бар екен, Оның үні тарқамайтын болды менің мерекем. Сол үнменен тыным таппай бақытымды күреймін, Өйткені мен мерекемнің тарқамауын тілеймін.
Адамда жаұсы жəне жаман қасиеттер бар.Тек жаман қасиеттерді білдіртпеу керек.Егер адамның жақсы қасиеті көп болса,оған бəрі ұмтылады.Егер жаманы көп болса,одан бəрі қашқақтайды.Ондай адаммен ешкім араласқысы келмейді!Адамның əр бір сөзі оның қандай екенін білдіртеді.Айтады емеспе,"Ойнап сөйлесеңде,ойланып сөйле"деп."Қалжың"деп,айта беруге болмайды!Оны естіген адам басқаша ойлап қалуы мүмкүн.Сен жайлы көзқарасы өзгеріп,сенің бойыңдағы тек жаман қасиеттерді көруі мүмкүн.Тек адамды "Жаман"жəне "Жақсы"деп бөлім жаруға да болмайды.Адамдардың барлығы бірдей.Ешкімнен еш жері кем емес.Он екі мүшесі мен қол аяғы сау.Сондықтан адамды кемсітуге де болмайды.Адамның бойындағы жаұсы қасиеттерді ғана байқау қажет.