2-тапсырма. Диалогтің тиісті сұрақтарын жаз.
Дана:
Алан: Қыран қазақ» мақаласын танымал журналист Нұртөре Жүсіп жазған. Мақала тұңғыш ғарышкерміз Тоқтар Әубәкіров туралы.
Дана:
Алан: Бұл мақала «Орталық Қазақстан» газетінде жарияланды. Жалпы, мақала екі бөлімнен тұрады.
Дана:
Алан: Бірінші бөлімде Ж. Қорғасбек, Қ. Олжай, Т. Сүйінбай, Н. Жүсіп, т.б. сынды қаламгерлердің қазақтың қаһарман ұлы туралы әр түрлі жанрдағы материалдары топтастырылған.
Дана:
Алан: Екінші бөлімде Тоқтар жайлы жазылған өлеңдер топталған.
Дана:
Алан: Мақала жеті пернеден тұрады. Оқу тапсырмасы. Қазақ ғарышкерлері туралы ақпарат жинау.
Задание 2. Напиши соответствующие во диалога.
Штук:
Алан: Қыран қазақ " написал известный журналист Нурторе Жусуп. Статья о первом космонавте Токтаре Аубакирове.
Штук:
Алан: эта статья опубликована в газете "Орталық Қазақстан". В целом, статья состоит из двух частей.
Штук:
Алан: в первой части собраны материалы разных жанров о великом герое казахского народа, таких как Г. Кургасбек, г. Олжай, т. Сүйінбай, Н. Жусип и др.
Штук:
Алан: во второй части были собраны стихи о Тохтаре.
Штук:
Алан: статья состоит из семи клавиш. Учебное задание. Сбор информации о казахских космонавтах.
Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш – жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек.Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады. «Денсаулық – зор байлық» дейді қазақ. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда.
Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік ие болатынын мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген. Киелі сандардың түп төркіні қайдан шыққанын және математикалық тілде талданғанын қарастырайық. 3, 4, 5, 6, 7, сандарының қадір – қасиетін біле отырып,әрбір сан жайлы ой толғанысын тудыру, білімге құштарлықты оятады. 1001 – даңқы шыққан Шехеризада саны.
Мысалы: қазақ 3 санының байламдарын былай түйіндеген:
Үш көз: Су анасы – бұлақ, жол анасы - тұяқ, сөз анасы – құлақ.
Үш тоқтам: Ақыл – арқан, ой – өріс, адам – қазық.
Үш қасиет: Өліде – аруақ, малда – кие, аста – кепиет.
Үш талғам: Мейірім – сауап, жақсылықтан шарапат, жамандықтан кесепат.
Үш жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.
Үш тәтті: Жан тәтті, жар тәтті, мал тәтті.
Үш қуат: Ақыл, жүрек, тіл.
Үш жұрт: өз жұртың – күншіл, қайын жұртың – міншіл, нағашы жұртың – сыншыл.
Жеті санының дүниежүзілік дәстүрде өте жиі, тұрақты да орнықты болып кездесетіндігін білеміз.
Жеті саны – қазақ үшін де киелі.
7 санына байланысты жеті жұт немесе жұт-жеті ағайынды. Олар – құрғақшылық, жұт (малдың қырылуы), өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала (жер сілкіну).
Жеті жоқ: жерде өлшеуіш жоқ, аспанда тіреуіш жоқ, таста тамыр жоқ, тасбақада талақ жоқ, Аллада бауыр жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ.
Жеті қазына – ұрпақ жалғасы деп көрсетіледі еңбегінде. Сонымен қатар жеті жетім, жеті шәріп, жеті ата ұғымдарын түсіндіру студенттердің ой-өрісін, танымын кеңейтеді.
Жеті күн: Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
Жеті амал: Тоқсанның кіруі, киіктің матауы, мұздың қатуы, айдың тоғамы, үркердің батуы, қарашаның батуы, күннің тоқырауы.
Жеті қазына: Ер жігіт, сұлу әйел, берен мылтық, ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, жүйрік тазы.
Жеті жоқ: Аллада бауыр жоқ, таста тамыр жоқ, аспанда тіреу жоқ, жерде өлшеуіш жоқ, тасбақада талақ жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ.
Тоғыз саны – әлдебіртолықтылықты, кемелділікті, түгелділікті білдіреді.
Қырық – көп жағдайда кез келген өлшемнің (уақыттың, кеңістіктің) ең шеткі, ең соңғы межесі, шебі, шекарасы. «Қырық» сөзі абак таңбадағы шеңбер сызығын білдірген. Сандық көрсеткіш бойынша берсек, 40 дегеніміз-кіндік нүкте. 40 санына байланысты қазақ халқының «қырқынан шығару», «қырқын беру». Дәстүріне келер болсақ «қырқынан шығару». Қазақта дүниеге келген бала 40 күндік уақыт өткенге дейін «әлі тумаған» болып есептелінеді: яғни, ол-әлі тумаған, ол-әлі өлі, тек 40 күн өтіп, 41-інші күн болғанда ғана ол «ресми түрде» дүниеге келеді. Осы уақыт ішінде нәрестені бөгде адамдарға көрсетпейді (тіл көзден сақтайды). Қырқынан шыққан соң арнайы жоралғы («қырқынан шығару», «ит көйлек») өткізіп, баланы, «өлілер дүниесінің қақпасын күзеткен итке» сыйлық беріп, бұ дүниеге шығарып алады.
Қырқын беру. Өлген адамды жерлегеннен кейін оның «үшін», «жетісін», «қырқын», «жүзін», «жылын» береді. Мұнда көрсетілген сандық көрсеткіштердің әрқайсысы-әлдебір тұтастықтың шекаралары, ал олар бір тізбек бойында қолданылған жағдайда, олардың әрқайсысы әлдебір тұтастықтың ішкі сатылары болып есептеледі. Өлген адамның жаны 40күн бойына бұл дүниеде жүреді де, тек 41-інші күн болғанда ғана, о дүниеге өтеді, яғни, «ит күзеткен қақпадан /көпірден өтеді», «иттің кейпіне енеді», «ит көйлегін қайта киеді».