2-тапсырма. болжалды келер шақ формасында қолданылған етістіктерді тауып
жазып, морфологиялық талдау жасандар.
ашу деген – ағын су,
алдын ашсаң, арқырар.
ақыл деген – дария,
алдын тоссаң, тоқырар.
көп шаңды құлан көтерер,
боранды тұман көтерер.
арғымақтың белгісі – арығанын білдірмес,
асыл заттың белгісі – қайғырса да бүгілмес.
Есімшесі бар жұмбақ:
Әуеден айнала ұшқан бөдене екен,
Бөденені біреу атып жеген екен,
Еті арам,сорпасы адал немене екен? (Жауабы:шай).
Есімшесі бар мақал:
Жауда қалған бұлбұлдан,
Отанға қайтқан ит артық.
Есімшесі бар жаңылтпаш:
Циркте қонжық қонжықты он жықты,
Он жыққан қонжық шоң мықты.
Он жығылған қонжық көндікті.
3 есімшесі бар сөйлем:
Самат жазғандарын әкесіне көрсетер кезде,көп нәрсені есте сақтап қалған еді.
8 сөзден тұратын және есімшеге аяқталған сөйлемдер:
Мен бүгін қолым тимейтіндіктен,олардың үйіне ертең барармын.
Оған кеше салқын тигендіктен,бүгін сабаққа келмей қалған.