2-тапсырма Берілген сөздерге жалғау түрлерін дұрыс жалғаңыз. /правильно соединить виды окончания к данным словам./ Сөздер /слова/ Көптік жалғау (Множественное число) Жіктік жалғау (Личные окончания) Септік жалғау (Падежные окончание) Ана ана+лар Менің ана+м1-жақ Ана+ға Б.с Әке әке+___ Сенің+ әкең2-жақ Сіздің+__2 жақ Әке+Т.с. Қарт қарт+___ Ол ...+___3-жақ Қарт+Ж.с.
EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін Астанада өткізу – Қазақстанның негізгі ірі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы бастама Мемлекет басшысына тиесілі. 2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеске ресми түрде Қазақстан Республикасының өтінімі тапсырылды. Сол сәттен бастап біздің республикамыз Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу құқығы үшін сайлау қарсаңы науқанына ресми түрде кірісті. 2012 жылғы 12 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының Бас ассамблеясының 151-ші отырысында Астананың ресми таныстырылымы болып өтті. Жиынның басында делегаттарға Қазақстан Президентінің арнайы бейнеүндеуі жолданды.
Қалау рай мынадай жолдармен жасалады. 1. Етістіктің негізгі және туынды түбіріне немесе етіс және болымсыз етістік тұлғасына -ғы, -гі, -қы, -кі жұрнағы жалғанып, оған тәуелдік жалғауы үстеледі де, кел көмекші етістігімен тіркеледі. Кел көмекші етістігіне есімше, көсемше жұрнақтары жалғанып, әр түрлі шақ мәнінде III жақта қолданыла береді. Мысалы: (менің) бар-ғы-м кел-ді, (-еді, -іпті, -ген, -ер), (сенің) бар-ғы-ң кел-еді, (-ді, -пті, -ген, -ер), (сіздің) бар-ғы-ңыз кел-ер, (-ді, -іпті, -ген, -ер), (оның) бар-ғы-сы кел-іпті (-ді, -ген, -еді, -ер) (біздің) кет-кі-міз кел-ген (-ді, -еді, -ер, -іпті), (сендердің) кет-кі-лерің кел-ді. Демек, калау райдың бұл түрі тәуелдік жалғауы жалғанып жіктеледі. 2. Шартты рай тұлғасына (-са, -се) игі еді сөздерінің жіктеліп келген түрімен тіркеседі. Мысалы: (мен) алсам игі еді, (сен) алсаң игі еді, (сіз) алсаңыз игі еді, (ол) алса игі еді. 3. Етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына -ғай, -гей, -қай, -кей жұрнағы жалғанып, жіктеліп келіп жасалады. Мысалы: (мен) бар-ғай-мын, (сен) бар-ғай-сың, (сіз) бар-ғай-сыз, (ол) бар-ғай. Кейде -ғай, -гей, -қай, -кей тұлғалы етістік жіктеліп келген еді көмекші етістігімен тіркесіп келіп те қалау рай жасалады. Мысалы: (мен) бар-ғай едім, (сен) барғай едің, (сіз) барғай едіңіз, (ол) барғай еді. Қалау райдың бұл жасалу жолы сирек кездеседі. Қалау райдың жіктелу үлгісі.
1. Етістіктің негізгі және туынды түбіріне немесе етіс және болымсыз етістік тұлғасына -ғы, -гі, -қы, -кі жұрнағы жалғанып, оған тәуелдік жалғауы үстеледі де, кел көмекші етістігімен тіркеледі. Кел көмекші етістігіне есімше, көсемше жұрнақтары жалғанып, әр түрлі шақ мәнінде III жақта қолданыла береді. Мысалы: (менің) бар-ғы-м кел-ді, (-еді, -іпті, -ген, -ер), (сенің) бар-ғы-ң кел-еді, (-ді, -пті, -ген, -ер), (сіздің) бар-ғы-ңыз кел-ер, (-ді, -іпті, -ген, -ер), (оның) бар-ғы-сы кел-іпті (-ді, -ген, -еді, -ер) (біздің) кет-кі-міз кел-ген (-ді, -еді, -ер, -іпті), (сендердің) кет-кі-лерің кел-ді. Демек, калау райдың бұл түрі тәуелдік жалғауы жалғанып жіктеледі.
2. Шартты рай тұлғасына (-са, -се) игі еді сөздерінің жіктеліп келген түрімен тіркеседі. Мысалы: (мен) алсам игі еді, (сен) алсаң игі еді, (сіз) алсаңыз игі еді, (ол) алса игі еді.
3. Етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына -ғай, -гей, -қай, -кей жұрнағы жалғанып, жіктеліп келіп жасалады. Мысалы: (мен) бар-ғай-мын, (сен) бар-ғай-сың, (сіз) бар-ғай-сыз, (ол) бар-ғай. Кейде -ғай, -гей, -қай, -кей тұлғалы етістік жіктеліп келген еді көмекші етістігімен тіркесіп келіп те қалау рай жасалады. Мысалы: (мен) бар-ғай едім, (сен) барғай едің, (сіз) барғай едіңіз, (ол) барғай еді.
Қалау райдың бұл жасалу жолы сирек кездеседі.
Қалау райдың жіктелу үлгісі.