2-тапсырма Берілген сөздерді тәуелдік жалғауы арқылы байланыстырып, бірнеше сөйлемнен тұратын шағын мәтін кұрандар. Берілген сөздер: Ана, көңіл, адам, мінез, әке, бет әлпеті, ұстаз, ой, бала, сөз, достар, жүрек, ел, қасиет, мен.
Ғұндардың Батыс елдерін бағындырған жеңімпаз жорықтары Аттила патшаның атымен тығыз байланысты. Осы жорықтардың арқасында ғұндар Еуразия кеңістігінде үстемдік жүргізген.
Аттила - әйгілі Ғұн империясының әміршісі, шамамен 400 - 453 жылдары өмір сүрген. Оны Аттила деп сол кездегі латын тілінде, яғни Рим империясының мемлекеттік тілінде атағандықтан тарихта осы есім қалыптасты. Алайда оны әр халық әр түрлі атайды. Ғұн ордасымен тығыз байланыста болған герман тайпалары мен Скандинавия тарихында Этцель (Еtzеl), славяндарда Атыл, қазақ және басқа түркі халықтарында Еділ деген атпен белгілі. Бабамыздың есімінің түбірі Еділ өзенінің атауымен байланысты болуы мүмкін.
Бүгінде өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылып отыр. Тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескерсек, бұл аса өткір мәселе екенін мойындауға мәжбүрміз. Жыл сайын жаз маусымы басталып, оқушылар демалысқа шыққанда жасөспірімдердің тәртібін қадағалайтын құқық қорғау органдарының жұмысы екі есе көбейеді. Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі сағат 23.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған. Оқушылар каникулға шығып, мектеп сабағы мен үй тапсырмасынан қолдары босағанда, жоғарыда айтылған ережелерді барлығы бірдей сақтай бермейді. Әсіресе, жасөспірімдердің қолымен жасалған қылмыстар мен құқықбұзушылықтар жаз мезгілінде көп тіркеледі. Тәртіп сақшылары қанша жерден жұмыс істеп жатырмыз десе де, жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайту күнтәртібінде тұр. Жас жеткіншектердің қылмысқа бой ұру мәселесі тек құқық қорғау органдарының ғана емес, ата-ананың, мектептің, басқа да мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың қадағалауын талап етеді. Себебі психолог мамандардың зерттеуіне сенсек, жас баланың саналы азамат болып қалыптасуында оның жанұяда, мектеп қабырғасында, көшеде көрген өнегелері ерекше орын алады.