1Лиро-эпостық жырлар ғашықтық жырлар - лирикалық әрі эпикалық шығарма 2Абай 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған. 3Туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 ж. шілденің 11-де дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді 4адалдық надандықтан без рухтылық 5шолпан
2Абай 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған.
3Туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 ж. шілденің 11-де дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді
4адалдық надандықтан без рухтылық
5шолпан
Солдат Шинелі
Советтер Одағының Батыры Қадыран Туғанбаевқа
Уа, сұр шинель, сұрапыл кезеңдерде,
Өрт кешіп талай хутор, селендерде,
Жасқанбай жауған оққа қарсы ұмтылып,
Сен кешкен жүздік дүлей өзендерде.
Тобырсып тобығымнан сорғалап су,
Сіресіп сыртында мұз,
Бұрқырап бу,
Жат жерлікті жапыра ілгері озып,
Кезекті ердің үстіне орнаттық ту.
Кейде жаудың сыртына кеттік өтіп,
Төкседе оқ боранын нөсерлетіп,
Жел қағып желкілдеген етегіңді
Минаның жарқыншағы жатты тесіп.
Жерім жоқ бас сауғалап, жан қорыған,
Кейде "тіл" алып қайттық жау орынан,
Жүзім суық,
Түсіндей сұрғылттанды,
Көзімде түн күзетіп жол торыған.
Көзіне батыл қарап сұм ажалдың,
Сескенбей мен әрқашан алға бардым,
Солдаттық көкрегіме қалқан боп сен,
Жүрегімді қатерден қорғап қалдың.
Жүргенде намыс отын оқпен көсеп,
Болдың сен әрі жастық, әрі төсек,
Көзге ұйқы тығылса қар үстінде
Қалғыдым етегіңді астыға төсеп.
Автоматты төсіме қысып жардай,
Жата кетсем бүрісіп бойым жазбай,
Денемді сен қыздырып сала бердің,
Жардың жібек көрпесін жамылғандай.
Уа, сұр шинель, сұрапыл кезеңдерде,
Жүзерміз әлі талай өзендерде,
Жат жерлікті жайратып, азаттықтың
Тігерміз туын талай селендерге.
Ворошиловград, 1943