2-тапсырма. Айтылым. Берілген тақырыптардың бірі бойынша Ұлы Жібек жолы бойында дамыған ежелгі қалалар туралы әңгімеле. (10-12 сөйлем) [6] 1. «Қазақтың бойтұмары - Отырар» 2. «Түркістан – тарихи қала» 3. «Тараз – ежелгі қала»
Отырар – аты аңызға айналған ортағасырлық қала орны, ұлылар дүниеге келген қасиетті мекен. Ол тарихта Тұрарбанд, Тұрар, Тарбанд, Фараб деп те аталып келген. Ежелгі қала Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар ауданынан солтүстік-батысқа қарай 7 км жерде орналасқан. Отырардан шыққан жол Таразға, Баласағұнға, Шығыс Түркістанға апарады. Одан ары Сырдария арқылы жүріп, ежелгі Шашқа, Соғдыға және Мерв пен Нишапурға, Арал жағалауы мен Жайыққа жеткізеді. Батыста Қызылқұм арқылы Хорезмге, одан әрі Еділ бойына, Қара теңіз жағалауы мен Кавказға апарады.