2-суретке қара. Диалогті рөлге бөліп оқыңдар.
Сұңғат: Мынау – біздің музей. Алға жүре беріңдер.
Тілеухан: Қараңдар, мынау – біз көрген футбол добы ғой!
Сұңғат: Бұл залда ең соңғы өнертабыстар жинақталған. Келесі залға өтейік.
Санжар: Мына заттар неге музейде тұр?
Сұңғат: Бұл заттарды қазір мүлдем пайдаланбаймыз.
Азамат: Қаламды да пайдаланбайсыңдар ма?
Сұңғат: Пайдаланбаймыз. Кезінде өте қажет зат болыпты.
рөлге бөліп оқы болды.