В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
Inal04102004
Inal04102004
18.12.2021 01:15 •  Қазақ тiлi

2.
Оқылым мәтінінен жалғаулық шылауларды тауып, түрлерін ажыратыңдар.


2.Оқылым мәтінінен жалғаулық шылауларды тауып, түрлерін ажыратыңдар. ​

Показать ответ
Ответ:
masakahdksa
masakahdksa
20.03.2021 16:26

Қазақ тілі

7 сынып

VIII. ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ. ГЕНДІК ӨЗГЕРІСКЕ ҰШЫРАҒАН ТАҒАМДАР

§59. Тамақтану мәдениеті

120, 121- беттер

1, 2, 3, 4, 5, 6-тапсырмалар

1-тапсырма

Мәтін туралы түсінік-ой.

Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты дұрыс тамақтану.

Сондықтан, тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болуы керек.

1. Адамның жас ерекшелігіне, жынысына байланысты тағамды тұтыну мөлшері қандай болуы мүмкін? Жұмыс түрінің, климаттың тамақтануға әсері қандай?

Адам тағам қабылдағанда тым көп мөлшерде тұтынбауы керек. Өзінің салмағы, жасы, жынысы және әртүрлі ауруларына байланысты кейбір тағамдарды рационнан шығару керек. Тамақ тек бұл факторларға ғана емес, тұрғылықты мекен-жай, яғни климатқа да байланысты болуы тиіс.

2. Комағайлана жеудің адам ағзасына, мәдениетіне кері әсер ету себебі неде?

Мәдениет тұрғысынан алсақ, ол дөрекі көрінеді. Өзгелердің тәбетін қашырады. Ал өз денсаулығыңызға келер болсақ, артық салмақ, қант диабеті, жүрек аурулары сияқты ауруларға шалдығуыңыз мүмкін.

3. Ақылға қонымды тамақтану» дегенді қалай түсінесіңдер?

Ақылға қонымды тамақтану - пайдалы, дұрыс, өз мөлшерінде тамақтану.

2-тапсырма

Жалғаулық шылаулар: және, мен, те, да, егер, өйткені, сондықтан.

Ыңғайластық қатынастағы: және, мен, те, да.

Шарттық қатынастағы: егер.

Себеп-салдарлық қатынастағы: өйткені, сондықтан.

3-тапсырма

Ас қабылдау кезінде ойыңызды басқа нәрселерге бөлмеңіз, тек тамақтануды ғана ойлаңыз. Себебі, тамақтану кезінде ойыңыз бөлінбесе, ас қорыту қабілетіңіз жоғарылайды.

Ас қабылдаған кезде төрт түрлі тағамнан артық тамақтанбаңыз. Егер әртүрлі тағам жесеңіз, асқазаныңызға түскен ас баяу қорытылады. Тамақтанудан кейін дереу су немесе сусындарды ішпеу керек. Бұл асқазан сөлінің сұйылуына және асты баяу қорытуға әкеп соғады. Сондықтан ас қабылдаудан бұрын бір стакан су ішіп, ас қабылдағаннан кейін бір сағаттан соң ішу қажет. Ең көп тағам мөлшерін түскі ас кезінде қабылдау керек.

Осыған қарап, мен дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі екенін түсіндім. Сонымен қатар адам тамақтану мәдениеті арқылы өзге үшін емес, өз денсаулығы үшін үлкен пайда келтірмек.

4-тапсырма

Құнарлы тағамдарды мөлшерден көп тұтынып, қол еңбегі аз болса - артық салмақ қосып, ал күрделі ауруларға алып келуі мүмкін. Оның мөлшері ағзада шамадан көп болып кетсе, аллергиялық ауруларға да душар ету қаупі жоғары. Қанша жерден құнарлы болса да, мөлшерімен пайдалану керек.

5-тапсырма

-Сәлеметсіз бе, бүгінгі тақырыбымыз - дұрыс тамақтану мәселесі. Сіз өзіңіздің дұрыс тамақтанамын деп санаймыз ба?

-Өте маңызды тақырып. Өз басым жартылай ия, жартылай жоқ деп баға берер едім. Себебі, кей-кездері шамадан тыс немесе зиянды тағамдар жеп жатамын.

-Ал осы зиянды тағам пайдалану қан ауруларға әкелетінін білесіз бе?

-Ия, әрине, қазір ғаламтор қолжетімді дүние ғой. Бәрін ғаламтордан көріп, оқып білгенім бар.

-Олай болса, осыған кішкене түсінік берер өтсем. Жалпы зиянды тағамдар - аурулардың барлық түріне қатысты, жас та, жыныс та талғамайды. Асқазан аурулары бұл тұста ерекше аталып өтеді.

-Рақмет, жалпы түсінік бергеніңізге. Барынша зиянды тағам пайдаланбай, дұрыс, құнарлы тағам ішуге тырысамын!

Үй тапсырмасы

6-тапсырма

1) Санжар мен Айсана бір сыныпта оқиды.

2) Мен сәрсенбі немесе бейсенбі күні шығатын шығармын.

3) Бұл қойылым маған да, анама да өте үлкен әсер қалдырды.

4) Сен Алмаға сонда да тағы бір хабарласып көрші, мүмкін, жауап беріп қалар?

5) Атамның қан қысымы біресе жоғарылап, біресе төмен түсіп кетіп отыр.

6) Егер де қалыпқа келмесе, дәрігер шақыруға тура келеді.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота