В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
Макси00084322233
Макси00084322233
11.04.2022 00:42 •  Қазақ тiлi

2.мәтіндегі мәселені анықтаңыз.3 ."ұлттық қолөнерді қайта жаңғыртудың тиімді жолдары қандай? " деген тақырыпта эссе жазыңыз.​

Показать ответ
Ответ:
макс240723212321
макс240723212321
09.06.2020 05:50

Мәтіндегі мәселе: Соңғы кездері жоғалып бара жатқан ұлттық қолөнерді қайта жаңғырту.

Қазақтың ұлттық қолөнерін қайта жаңғыртудың тиімді жолдары.

Қай халықтың болмасын сан ғасырдан бері келе жатқан ұлттық мұрасы мен рухани қазынасы ұлттық нақыштағы өзіндік қолөнері болады. Халық шеберлері мен ұсталары ұлттық қолөнер бұйымдары арқылы халқымыздың дәстүрі мен тұрмыс – тіршілігін көрсете білген.

Халқымыздың ою, тігу, құрастыру, тоқу, мүсіндеу, бейнелеу сияқты ұлттық қолөнер түрлері бар. Бұлар сан ғасырлық тарихы бар, дегенмен қазіргі заман ағымына сай кейбір өзгерістерге ұшырап келе жатқан қолөнер түрлері.

Нақты қолөнер туындыларына тоқтала кетер болсақ, ұсталар: найза, қылыш, айбалта, семсер сияқты қару-жарақ түрлерін әзірлеген. Ал ағаш шеберлері киіз үйдің сүйегінен бастап, үй мүліктері: сандық, кебеже, асадал, тостаған, ожау, астау және музыка аспаптары: домбыра, қобыз, шертер, т.б. даярлаған. Зергерлер сәндік әшекейлік бұйымдар: сырға, білезік, алқа, өңіржиек, бойтұмар, шашбау, т.б. жасаған. Ісмерлер тоқыма, киіз басу, киім тігу өнерін дамытқан.

Бүгінгі ғылым мен техниканың дамыған заманында ұлттық қолөнеріміз жас ұрпақ үшін қалыс болып бара жатқаны бәрімізге аян. Ұлттық болмысымызды жоғалтпай, ұлттық қазынамызды сақтап қалуды Елбасымыздың өзі «Қазақстан – 2030» мәдени мұра бағдарламасын стратегиясында алға міндет етіп қойған болатын. Сондықтан ұмыт болып бара жатқан қолөнерімізді қолға алып, одан әрі дамытып, кәдемізге жарату керек деп ойлаймын. Қазіргі кезде егеменді елімізде бізге жастарға әсемдік тәрбие беруде ерте заманның мәдени мұрасы айрықша қызмет атқарады. Сондықтан ұлттық қолөнерді қайта жаңғыртудың бірден – бір жолы сынып сағаттарына ақ жаулықты апа – әжелерімізді шақырып, олардың өсиетімен қоса, өнерін де бойымызға сіңіру керек деп ойлаймын. Сонымен қатар ұлттық қолөнер бұйымдарымен айналысатын шеберлерімізге барынша қолдау көрсетіп, халық арасында кеңінен насихаттау керек. Осылайша біз ұлттық қолөнердің таралуына себепші бола аламыз.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота