2. Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орында. Түркілер жыл мезгілін маусымға бөліп, «Күнтізбе» ұғымын қалыптастырды. Қазақ күнтізбесі табиғат құбылыстарын бақылаудан туды. Халық табиғат құбылыстарын , күн мен түннің, жыл мезгілдерінің ауысуын, айдың тууы мен батуын, айналып келуін, жұлдыздардың орналасу тәртібін, күннің ұзақтығын бақылады. Осы тәжірибені күнкөрісіне, шаруашылығына пайдаланды. Қазақтар күнтізбе арқылы жайлауға көшудің, күзеуге, қыстауға қайтудың уақытын белгіледі. Оны мал шаруашылығы мен диқаншылыққа пайдаланды. Күнтізбені есептеп, егін екті, шөп шапты.
Байырғы қазақ күнтізбесінде жыл басы наурыздан басталған. Наурызда жаңа жыл – Наурыз мейрамын тойлады. Байырға заманнан өмір тәжірибесіне негізделген қазақ күнтізбесі бүгінге дейін қолданылуда.
1.Мәтінді оқып, стилін, жанрын анықта –
2. Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастыр –
3. Берілген сөздердің омоним мағыналарына сөз тіркестерін жаз –
күн
ай
мал
көш
бас
Менің сүйікті спортшым
Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Менің бір емес, екі бірдей сүйікті спортшым бар, олар әр түрлі спорт түрінің шеберлері болғанымен, барша қазақ халқы оларды мақтан тұтады.
Солардың ішінде ең алдымен Александр Винокуровты атап айтқым келеді. Ол - Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы. Оның есімі Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі ол Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарында алтын иеленген тұңғыш велошабандоз.
Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол - ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.
Болашақта мен жоғарыда есімі аталып кеткен Серік Сапиев сияқты әлемге танымал спортшы болуды армандаймын. Бокс үйірмесіне аптасына үш рет барып, бар ынта - жігеріммен жаттығып жүрмін.