2. Мәтінді оқып, қоғамдық көлікке анықтама құрастырыңдар. 7
Қоғамдық көліктің қызметін күнделікті пайдаланамыз: онымен жұмысқа
барамыз, үйге қайтамыз. Қарапайым халықтың көпшілігі базар мен дүкен
аралағанда автобустармен жүреді. Қала тұрғындарының тіршілігі автотранс-
портпен байланысты.
Автобус, троллейбус, трамвай және метро ең көп пайдаланылатын көлік
түрлеріне жатады. Бұдан өзге аспан әлемін шарлайтын ұшақ, көк теңізде еркін
қалқитын кеме, жер жүзін тіліп өтетін пойыз да адамзатқа қызмет етеді.
(https://baq.kz/kk/news/regmedia/regmedia-46167)
Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/shygarma/4718-family.html
© www.ZHARAR.com
Ойымдай ой табылмас.
***
Сыйға сый, сыраға бал.
***
Иесін сыйлағанның итіне сүйек таста.
***
Тіріде сыйласпаған,
Өліде жылыспайды.
***
Танымас, танымасын сыйламас.
***
Көңілдегі сырды көз білдіреді.
***
Өз үйім өлең төсегім.
***
Қарындасқа бұрмағанның қары сынсын.
***
Үй ішінен жау шықса,
Тұра қашып құтылмассың.
***
Тұлпардың өз тұяғы өзіне дәрі.
***
«Сіз», «біз» - деген жылы сөз,
Ағайынға жарасар.
***
Қарындасың – қарлығашың.
***
Ине өткен жерден жіп өтер.
***
Інісі бардың тынысы бар,
Ағасы бардың жағасы бар.
***
Төркін десе қыз төзбейді,
Көкпек десе түйе төзбейді.
***
Апасының киген тонын сіңлісі де киер.
***
Қазаны басқаның қайғысы басқа.
***
Ата – баланың қорғаны.
***
Атаға баланың алалығы жоқ.