Қазақтың ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың асыл қазынасы, фольклордың музыкалық саласының бір тармағын құрайды.фольклор деген сөз ағылшын тілінен алынған. ол «халық даналығы, халық білімі, халықтың ауызша шығарған туындылары» деген мағынаны білдіреді. фольклор шығармалары халықтың әр дәуірдегі тұрмыс – салтымен, наным – сенімімен, күнделікті тіршілігімен тығыз байланыста туады. оларда өмірде болып өткеннің ғана емес, халықтың «осылай болса екен» деген арман, үміттері де бейнеленіп, табиғат, өмір құбылыстарына баға беріледі. ән – халықтың сүйіп айтатын, тыңдайтын, сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының ең бір бай арнасы болып табылыды. көне заманнан келе жатқан ән – күй туралы халықтың аузында қалыптасқан көптеген мақал – мәтелдер, аңыздар, жырлар осының айғағы. халықтың: «сөз күміс — ән алтын», «ел көркі – қыз, той көркі — ән», немесе «ән өмір ұзартады» деген асыл сөздері осы өнерге арналған. қазақтың ұлы ақыны абай да ән мен күйдің құдіретін жырлап: құлақтан кіріп, бойды алар жақсы ән мен тәтті күй. көңілге түрлі ой салар әнді сүйсең, менше сүй – деген. ән мен күй шыққан күн, туған айдай дала жұртының тал бесіктен жер бесікке түскенге дейінгі жан серігі болды. ауылдан ауылға ән айтып, күй тартып жүрген диуаналар, бақсылар, жыршылар, сал – серілер өз өнерін көрсетіп, халықтың көңілін көтерді, айт пен той – томалақ, түрлі ойын – сауық, отырыстардың көркі болды. ақын — әншілердің өнері халық арасында өте жоғары бағаланып, ақынның келген ауылы оған зор сый – құрмет көрсеткен. олардың аты аңыз — әңгімеге айналып, ауыздан – ауызға, ұрпақтан – ұрпаққа жетті.
Лев Николаевич Толстой
Білуге құмарлық рухтың қашанғы қанағатсыздығы
Джон Тейлор
Білім мен құдіреттілік — екеуі бір нәрсе
Френсис Бэкон
Адам білмегендіктен адаспайды, білгішсінем деп адасады
Жан Жак Руссо
Көп білем десең, аздан бастап үйрен
Джон Локк
Білімдіңнің сөзі — ем, мейірімі көп, өзі кең!
Мағжан Жұмабаев
Адамның біліміне ақыл серік, ақыл кен таусылмайтын жанға көрік
Ақансері Қорамсаұлы
Бақыт жолы біліммен табылады
Ахмед Югнаки
Білім — а ң ортақ қазынасы
Жүсіп Баласағұн
Білім туралы:
Білімің болсадағы ұшан-теңіз, пайдасы жоқ халқыңа қызмет етпей
Шал ақын
Білімдіңнің сөзін тыңда, айтқанын үйрен, іске асыр
Махмұд Қашқари
Еңбек туралы:
Еңбек - қуаныш, жалқаулық арылмас азап. Абай
Еңбексіз мал дәметкен - қайыршылық.Абай