2) 4. Екі топқа бөлініп, төмендегі жағдаяттарды шешіңдер. |
Әлішердің жасы он төртте. Ол жазғы демалыста жұмыс
істеп, ақша жинаған болатын. Әкесі тиісті қаражатты
жинаса, оның демалыс лагеріне баратынын айтқан. Алайда
лагерьге баратын уақыт таяғанда, бұл уәденің орындалмай
қалу қаупі туды. Өйткені балық аулауға қажетті құралдарды
сатып алуға әкесінің ақшасы жетпей, ол Әлішердің жинаған
ақшасын сұрайды.
Әлішердің алдында екі таңдау тұрды: біріншісі - лагерьге
бару, екіншісі – әкесінің көңілін қалдырмау.
Сауал: «Әлішер қай шешімді маңызды деп табады?
Неліктен?»
Жымию. Өзің ойлап қарашы егер құрбың сенімен тісінің арасынан қабағын түйіп, ернінің ұшымен амандасқанын көзіңе елестетіп көрші, еріксіз көңіл-күйің түсіп кетері сөзсіз. Сондықтан адамдармен қарым-қатынасыңды ушықтырмай жақсарта түсу үшін олармен жылы жымиып амандас.
Екпін. Ең қарапайым деген «Сәлеметсіз бенің! (саламатсыз ба)» өзін сен амандасқан адам ренжіп қаларлықтай реңкпен айтуға болады. Сондықтан сөзге екпін түсірудің өзі де маңызды болып саналады. Адамдармен жылы ұшырап, өте жылдам да емес, жай да емес анық естілетіндей етіп амандасу керек.
Қимыл (жест). Амандасу түрлі иілумен, бас июмен, қол алысумен, құшақтасумен қошталатыны белгілі. Амандасқан кезде қолыңды қалтаға, аузыңа темекі салып немесе көзіңді төмен түсіріп тұруға болмайды. Ғимараттың ішін немесе басқа кіселерге қарап тұрып амандасуға болмайды. Амандасып тұрған кісіңе қарағаның дұрыс болады. Ер адам біреумен амандасқанда қалпағын шешеді немесе оны сәл көтереді. Қысқы бас киім, берет, кепка сияқты бас киімдерді шешпей амандасады.
Дастарқан туралы диалог.
- Мадина, сәлем, сенің қазір қолың бос па?
- Ия, Алина, бос уақытым бар.
- Ендеше саған бір бүйімтайым бар еді.
- Тыңдап тұрмын. Айта бер.
- Маған мектепке дастарқан жайлы хабарлама дайымдауым керек. Өзім қазақша сөйлей білгеніммен ұлттық салт - дәстүрден хабарым жоқ. Осы тапсырмаға көмектесе аласың ба?
- Әрине, көмектесейін. Қандай сұрақтарың бар, қоя бер?
- Қазақ халқының тағамға деген көзқарасы жайлы жалпы түсінік беріп жіберсең?
- Атамыз қазақ қашан да тағамды аса бағалап, қадір тұтқан. «Астан үлкен емессің» деген мақал осының дәлелі секілді. Тіпті үйге келген кісі асығыс болса да «ең болмаса нан ауыз тиіп кет, тізеңді бүк» деп айтқан. Бұл дегеніміз - қонақжайлылық пен жайсаңдық, өнегелі тәрбие бастауы. Бұрынғы заманнан-ақ қазағымның дастарханы үйге келімді - кетімді кісінің бәріне жайылып, бар тәтті осы кісілерге ұсынылған.
- Қандай керемет жауап! Жалпы, дастарқан жаюдың қыр – сырын айтсаң?
- Қонақ қарсы алатын әйел адам дастархан даярлауда әрбір ұсақ-түйекке үлкен мән береді. Жайылған дастархан — біріншіден, отанасының қандай екенін білдірсе, екіншіден, қонаққа көрсетілген құрмет пен ілтипат. Аналарымыз бізді кішкене кезімізден дастарқан жаюға араластырып, бар білгендерін үйретеді.
- Ия, бұл да тәрбиенің бір бөлігі деп білемін. Қазақ халқының қонақ күтіп, дастарқан жаюына тәнтімін.
- Осы демалыс күні біздің үйге келіп, қонақ болып кет. Сонда дастарқан жайлы тағы анам да айтып берер?
- Шақыруыңа көп рахмет, міндетті түрде келемін.