1970-жылдардың соңында адамдар бір-бірімен өңгімелесе алатын алғашқы электронды хабарландыру такталары пайда бола бастады. Әрине, сол кезде бүгінгідей ыңғайлы болған жоқ, бірақ адамдарды ғаламторда біріктірудің бұл алғашқы кадамдары еді. Келесі кезең – алғашқы «online» (онлайн) сервистердің (қызмет
тердің) пайда болуы.
Кейін жедел хабарламалар жүйесі шықты.
1990-жылдардың ортасында «ICQ» (АйСиКю) құрылды, ол жеке компьютерлерге арналған жедел хабарламалар жеткізудің бірінші жүйесі болды.
Ғаламтордағы әлеуметтік желінің бірінші аналогі 1995 жылы Рэн
ди Конрадс іске қосқан «Classmates» (Класмэйтс) болып табылады.
Сайттың аудармасы «Сыныптастар» дегенді білдіреді. Сайттың мақса
ты сыныптастар мен мектептегі достарды табура мүмкіндік жасау.
Әлем бойынша сайттың қолданушылар саны 50 млн адам.
Бүгінгі күні Эндрю Вайнрайх 1997 жылы іске қосқан «SixDegrees (СиксДегрис) бірінші толыққанды әлеуметтік желі болып табылады. 1999 жылдың 18 наурызында америкалық студент-программист Брэд Фицпатрик «Жанды журнал» Livejournal-ды (Лайфжурналды)кұрды. • Мәтінге ат қой. • Мәтін бойынша жоспар құр. • Мәтінде айтылған әлеуметтік желілердің қызметі туралы айт. • Мәтіндегі үш сөйлемге морфологиялық талдау жаса.
мен білмеи брақ бул сабақты өткем