Әр бір інсан баласы бул дүниеге келер екен ата -анасы тек адал інсан болсын деген ниетпен өсіреді. Хеш бір ата-ана перзентін жаман болсын демейді. Біз өсе келе өзгереміз. Барымызды да жоғымызды да айтып мақтанғанды жақсы көреміз. Мақтаншақтық қай кезде де бізге өз кесірін тигізеді. Егер өтірік айтып мақтанып қойсақ оның бір жерде өтірігі шығып қалса адамдардың сізге деген сенімі сөнеді. Ал өз мансабыңды көтере алмай қалсан ше. Ол сен ушын улкен зыян. Солай екен тек өзіңнің жақсы тараптарыңды корсетіуге әрекет жасаңыз.
1.Көкшетау – Қазақстанның солтүстігінде орналасқан тарихи-географиялық аймақ. Қазіргі Ақмола облысының солтүстігі мен оған шектесіп жатқан Солтүстік Қазақстан облысының кейбір аудандарын қамтиды. Орталық бөлігінде 2.Көкшетау қыраты орналасқан. Осында шығыстан батысқа қарай Көкше, Жақсы Жалғызтау, Жаман Жалғызтау, Имантау, Жыланды, Сандықтау, Үлкентүкті, Бұқпа, Қошқарбай, Зеренді таулары, Айыртау, Сырымбет секілді таулар мен Шортанды, Бүркітті асуы, Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты, Бурабай, Айнакөл, Айдабол, Зеренді, Қопа, Атансор, Майлысор, Мамай, Саумалкөл, Шалқар, Үлкен Қоскөл, Кіші Қоскөл, Жолдыбай, Қалмақкөл, Шағалалытеңіз, Сілетітеңіз, Теке, Үлкен Қараой, Кіші Қараой, Қалибек, т.б. көлдер орналасқан. Бурабай көлінің ортасында Жұмбақтас тұр. Бұл аймақта Оқжетпес, “Жеке батыр”, Кенесары үңгірі, т.б. тарихи орындар бар. Қыраттың батыс жағынан Есіл өзені ағып өтеді. Көптеген ұсақ өзендер көктемде қатты тасығанымен, жазда суы азайып, көпшілігінің арналары кеуіп қалады.