176 бет 7 тапсырма . Мәтіннен үстеулерді тауып, мағыналық түрін ажыратыңыз. Орфографиялык кателерди тап. Қазіргі таңда жан жақты білім мен тәрбие берер мәдени
орындардың бірі мектеп кітапханасы. Біздің мектептің кітап-
ханасы үлкен жарық. Мұнда әдеби және ғылыми қыруар
кітап бар. Кітапханаға оқырмандар өте көп келеді. Олар осы
заманға сай ақпарат құралдарын кеңінен қолдана алады.
Оқушыларға рухани адамгершілік тәрбие беру қазіргі
мектеп кітапханасының ең маңызды міндеттерінің бірі.
Әңгіме – қиын жанр. Алдымен оның көлемі шағын. Ол жазушыдан барынша жинақы болуды талап етеді. Сюжет желісі де оқырманды баурап алатындай қызықты, тартымды болуы тиіс. Сюжетке ене бастаған беттен-ақ оқырманның көз алдына іші-сыртын, мінез-құлқын, іс-әрекетін аттаған сайын аңғартып, адам келе бастауы керек. Ол адам өзіне тән еркешелікпен дараланып, сол арқылы әлеуметтік топ, қоғамдық орта танылуы шарт. Ал әңгімедегі басты дараланған кейіпкер – қоғамның өкілі, типтік тұлға болуы керек. Әңгіме – әдемі дүние: жауынгер, ұшқыш, өмір құбылыстарына шұғыл үн қосқыш, оқушысын тез тапқыш, өткір икемді, сүйкімді жанр. Әңгіме – шеберлік мектебі. Қысқа мерзімде оқырманға қыруар эстетикалық ләззат беру тек шебер жазушының ғана қолынан келеді: бес-он бет қана кішкене шығарма көлемінде үлкен өмірдің бір бөлігін жарқ еткізіп жайып тастап, оқырман алдына қилы-қилы мінездің адамын жетелеп әкеп жақсысына сүйсінтіп, жаманынан түңілтіп отыру – ірі шеберлік
"Компьютермен жұмыс жасау зиян" тақырыбында диалог.
- Сәлем, Әсем!
- Сәлем, Болат! Қалайсың?
- Жақсымын, сен ше?
- Менде де бәрі жақсы, достым. Бүгін тағы компьютерлік ойындар ойнаймыз ба?
- Жоқ, одан да саябаққа барып ойнайық.
- Неге?
- Біз бүгін информатика сабағында компьютердің зияны туралы өттік. Компьютерде шамадан көп отырсаң, денсаулығыңа, ойлау жүйеңе зиян келтіреді. Білесің бе, Әсем, әр 20 мин сайын көзге жаттығулар жасау керек. Монитор мен адамның арақашықтығы да сақталуы керек екен. Біз тіпті дұрыс отырмайды екенбіз ғой.
- Мәссаған! Жарайды, онда түсте саябақта кездесейік.
- Жарайды, кездескенше!
Қаратпа сөздер: Әсем, Болат, достым.