Қалың мал «қалың мал» (дәстүр, кәде). «мен ат тон айыбымен қалың мал қайтартпақшы болдым ғой» (с.көбеев). құда түсу рәсімі келісілген соң дала заңы бойынша күеу жағы «қалың мал» төлеуге тиіс. бұл қазақ, қазақ болғалы бұлжымаған ежелгі дәстүр. оның мөлшері құдалардың дәрежесі мен дәулетіне байланысты екі жақ келісе отырып шешеді. «бұрынғы кедейлер арасындағы қалың мал мөлшері бес алты малмен тынса, ірі байлар арасында екі жүз, бес жүз, мың жылқыға дейін жеткен. би мен байлар, хан мен төрелер арасында қалың мал үстіне «бес жақсы» деп аталатын бес түйеге қосып бір «жетім қыз (күң), «аяқ жақсы» днп беретін үш түйеге қоса бір «еркек жетім» (құл) бергендігі кейбір деректер арқылы белгілі. қалың малдың «қырық жеті», « отыз жетінің бүтіні», «отыз жеті», «отыз жетінің жартысы», «жақсылы отыз жеті», « жиырма жеті», « он жеті», «домалақ қалың мал», «домалақ бата» сияқты түрлері болған. мұның сыртында той мал, сүт ақы, күйеу апаратын ілу, өлі тірі апаратын, тағы басқа көптеген бағалы кәде, жоралар да болады. бұған кеңес үкіметі кезінде «қызды малға сату» деп қара күйе жағылып келді. ал шындығында қыздың жасауы «қалың мал» мөлшерінен кем болмаған. демек, бұрынғы дала заңында бұл ескерілген сияқты. әрине «қалың мал» құдалардың дәулетіне байланысты болған. бұл істе әркім өз шама шарқына қарай белгілеген. бұрынғы заманда «қалың мал» байлық пен мырзалықтың дәрежесін әйгілейтін көріністің айғағы болғаны шындық. хіх ғасырдың алғашқы ширегінде кіші жүзде байсақал мен орта жүзде сапақ құда болған. сонда байсақалдың қызының «қалың малы» бес жүз жылқы болған. үш жүз жылқы қара малы, жүз жылқы үйге кіргізер, жүз жылқы той малына кетіпті (м.ж.көпеев). күйеуаяқ күйеуаяқ (ғұрып). жігіт қалыңдығын алғаннан кейін әдеп бойынша енесін қошаметпен өз үйіне апарып салады. ата енесі күйеу ірі мал атайды. мұны «күйеуаяқ» дейді. түйемұрындық түйемұрындық (ғұрып). ұзатылып жатқан келіншек көшінің жолында отырған ауылдың (жастары, әйелдері) керуен атының ноқтасынан, не түйесінің бұйдасынан ұстап тұрып сұрайтын кәдесі. қыз анасы оларға кәдесін жасайды, кәде алған риза болып, бақыт тілеп батасын беріп, жол болсын айтады. қыз қашар «қыз қашар» (дәстүр). «былайша қыз қашар дәстүрін өткізетін үйді «болыс үй» дейтін көрінеді». (х.арғынбаев). күйеудің келуін «ұрын келу» десе, қыздың атастырылған күйеуін көруі «қыз қашар» дейді. бұл «ұрын тойы» өтетін күні болады. «ұрын той» жастар үшін көңілді, думанды тойлардың бірі. бұған жас жеңгелер мен жастар қатынасады. күйеуден алынатын «қол ұстатар», «шаш сипатар», «қыз құшақтар», «арқа жатар», «көрпе қимылдатар» тағы сол сияқты кәделер осы жолы беріледі. екі жастың бірін бірі көріп, тілдесуі де осы тойда болады. екеуі де бірін бірі ұнатып, қалыңдық жігітке қыз белгісі орамалын және оның іні қарындастарына да түрлі сыйлықтар береді. күйеу ұрын барғаннан кейін құдалық бұзылатын болса қазақ заңында өте ауыр іс. үлкен дауға кетеді. күйеу себепсіз бас тартса бұрынғы берілген мал қайтарылмайды және айып салынады. батаны қыз жағы бұзатын болса қалың мал толық қайтарылады әрі айып төлейді.
Ңжер-анаға деген ықыласы ерекше. топырақтан жаралған болмысымыздан ба әлде аталарымыздың жер үшін аянбай күресе білгендігінен бе, білмеймін, қазақ үшін жер мен ел ұғымы егіз. әлем картасында жерінің үлкендігі жағынан тоғызыншы орынды иемдеген отанымыз бар. алайда басында баспанасы мен өзіне тиесілі бір телім жері жоқ қандастарымыздың толып жүргенін қалай түсіндіреміз? өзінің меншікті жері жоқ , ерім деп еркелетпеген еліне қорған бола ала ма? әр жерде иесі бар деп қоршалып, қорғалған, бірақ бір түп ағаш егілмей, бір лашық салынбай созылып жатқан жерлер бар. ол жерлерді өзі алмай, өзгеге де бермейтіндердің не ойлағаны бар? жер күтіп, баптағанды, топырағын шаң қылып бүлдіршіндердің жүгіргенін, әйтеуір тірі ға қалқан болуды қалайды. ал қоқысқа толып, тынысы тарылған, егілмей жетімге айналған жер де ауа жұта алмай қиналған бірдей. бірде бір қоқысқа толып, әбден азып-тозған жерін сатуды жөн көреді. сатып алушы жерді қоқыстан тазалап жүріп, бұлақтың көзін тауып алады. әртүрлі жүзім, анар, алма ағаштарын егіп, басына үй салады. уақыт өте сол маңнан жердің бұрынғы иесі өтіп бара жатып, жайқалған бақты көріп, мен қандай жерден айырылып қалғанмын деп өкініпті - дейді аңыздарда. жер баптағанға, күте білгенге азық, бағалай білгенге баспана, аялай білгенге сая бола алады. бірақ оның қадірін түсіне білу үшін де жерге жете алмай тіршілігі мұңға айналған бауырларымыздың күйін бастан өткізу керек пе? бізге жер беріңдер деп ашынған қазақтардың жанайқайы жылда естілетін жырға айналып барады. кезінде «шаңырақ», «бақай» деп бір дүрліккен қазақтың жылауы неге қайталана береді? еңбекпен тапсын, жерді сатып алсын дейді біреулер. ал біреулер неге өз ауылында отырмайды, қалада нелері бар деп сөгері анық. мүмкін біреулер ауылдағы жеріне егін ексін, соны өсіріп, азық қылсын деп ақыл айтар. бірақ кімнің жақсы өмір сүргісі келмейді дейсін. қала маңына шоғырланып жинала бастаған жандардың болашағым- қалада оқысын, тіршілік жасап, отбасымды асырайын деп ниеттенгендері анық. кеше ғана жер беріңдер деп бейбіт мақсатта жиылған топтың өз бауырымыз, өз қандастарымыз екенін естен шығармайық. қалай десек те бұл мәселені шешудің жолдарын іздеу керек. өз елім өзекке теппес деп шырылдаған олардың жанайқайын бүгін естімесек, ертең ар алдында да, алла алдында да жауап беретінімізді ұмытпаған жөн шығар.