15. Дара және күрделі мүшелерді соларға сай келетін сөйлемдермен сәйкестендір. Дара мүше Күрделі мүше Бала орманға барды. Болат қағаздан кеме жасады. Көшеттерді суғаруға он бір бала бөлінді. Қызыл ала көбелек гүлге қонды. Орман желмен тербеледі.
Мағауин Мұхтар Мұқанұлы 2.2.1940, Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы — жазушы, әдебиет зерттеушісі, ғалым. Мемлекет сыйлығының лауреаты (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1996). ҚазМУ-ды (1962), осы университеттің аспирантурасын бітірген (1965). 1965 — 86 ж. «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, «Жазушы» ба Жалын» альманағында бас редактордың орынбасары, Әдебиет және өнер институтында, ҚазПИ-да аға ғылым қызметкер, доцент, «Жазушы» ба бас редактор қызметтерін атқарған. 1988 жылдан «Жұлдыз» журналының бас редакторы. «Кешқұрым» атты тұңғыш әңгімесі «Жұлдыз» журналында жарияланды (1964). Соғыстан кейінгі ел өмірі бейнеленген
романдары басылып шықты. Қазақ халқының көрші мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынасы тарихи-көркемдік тұрғыдан тұңғыш рет суреттелген «Аласапыран» тарихи дилогиясы 1981—83 ж. жарық көрді. Романда қазақ ордасын Тәуекел хан басқарған тұстағы (16 — 17 ғ-лар) қоғамдық-әлеуметтік жағдай көрініс тапқан. Хан мұрагері Ораз-Мұхаммед пен оқымысты Қыдырғали Жалайыридың, Едіге би ұрпағы Петр Урусовтың көркем бейнелері сомдалған. Томан би, Манақ батыр, Ділшат, Ай-Шешек бегім, секілді кейіпкерлерді суреттеу арқылы қаламгер Ораз-Мұхаммед тұлғасын даралай түседі. Романда көшпелі тұрмыс көріністері, аңшылық, саятшылық сынды ұлттық дәстүрлер көрініс тауып, Қазақ хандығының Ресей, Иран, Бұқар, Сібір хандықтарымен өзара қатынастары, ішкі-сыртқы саяси жағдайлары сипатталған. Жазушы шығармаларында 20 ғ-дағы ауыл, қала тұрмысы, түрлі әлеуметтік топ өкілдерінің тағдыры психология-философия тереңдікпен көркем бейнеленген. «Қобыз сарыны» (1968) монографиясында хандық дәуірде өмір сүрген ақын-жыраулар шығармаларын (15 — 18 ғ-лар) жүйелі түрде талдады.
Мысалы, “халық поэзиясы” дейтін ұғым өлең түрінде айтылатын поэзиялық жанрларды жинақтап атауға лайық болса, “халық шығармашылығы” — халық шығармашылығы мен өнерінің барлық түрлерінің жалпы атауы, “ауызша сөз өнері” — прозалық та, поэзиялық та шығармалардың ортақ ұғымы. Бұларға қоса “халық даналығы”, “халық білімі” деп аударылатын “фольклор” терминінің мән-мағынасында да елеулі айырма бар. Батыс Еуропа, Америка, Австралия халықтарының ұғымында бұл сөздің мағынасы тым ауқымды.Ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы. Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”, “халықтың ауызша сөз өнері” дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады.
Мағауин Мұхтар Мұқанұлы 2.2.1940, Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы — жазушы, әдебиет зерттеушісі, ғалым. Мемлекет сыйлығының лауреаты (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1996). ҚазМУ-ды (1962), осы университеттің аспирантурасын бітірген (1965). 1965 — 86 ж. «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, «Жазушы» ба Жалын» альманағында бас редактордың орынбасары, Әдебиет және өнер институтында, ҚазПИ-да аға ғылым қызметкер, доцент, «Жазушы» ба бас редактор қызметтерін атқарған. 1988 жылдан «Жұлдыз» журналының бас редакторы. «Кешқұрым» атты тұңғыш әңгімесі «Жұлдыз» журналында жарияланды (1964). Соғыстан кейінгі ел өмірі бейнеленген
«Ақша қар» (1969);
«Бір атаның балалары» (1973);
«Қияндағы қыстау» (1977);
«Көк кептер» (1979) әңгіме, повестер жинақтары мен;
«Көк мұнар» (1971);
«Шақан шері» (1984).