13.Тек тұрлаулы мүшелерден тұрған сөйлемді белгіле. A) Атың әдемі екен.
B) Оның өзі шеткерірек тұр екен.
C) Көп ұзамай жауын басылды.
D) Өңі алабұрта күрең тартқан.
E) Бүгін сабақта Әмір жоқ.
14.Үйірлі баяндауышты белгіле.
Есті адамдарда бар қасиет – уайым жеу.
A) Есті.
B) Адамдарда.
C) Бар.
D) Қасиет.
E) Уайым жеу.
15.Зат есімнен болған баяндауышты көрсет.
Сендер өмірдегі ең бақытты адамсыңдар.
A) Сендер.
B) Өмірдегі.
C) Ең.
D) Бақытты.
E) Адамсыңдар.
16.Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылған сызықшаны белгіле.
A) Еңбек - өмір рахаты.
B) Олар бір-бірлеп келе бастады.
C) Үйде екі-ақ адам отыр.
D) Телефон-автомат бұзылып қалыпты.
E) Ол мәселені шешіп кетті.
17.Анықтауыш қатысып тұрған сөйлемді тап.
A) Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез.
B) Іздеген жетер мұратқа.
C) Тау жақтан баяу жел еседі.
D) Әбіштен келген екен.
E) Жауын сіркіреп тұр екен.
18.Толықтауыш қатысып тұрған сөйлемді белгіле.
A) Сәуле кеше келді.
B) Алатау - әсемдіктің символы.
C) Ол шешесіне хат жазды.
D) Сымбат – үлгілі қыз.
E) Баласы тиянақты екен.
19.Пысықтауыш қатысып тұрған сөйлемді анықта.
A) Асқар тауды кеуделеп жүріп келеміз.
B) Жас мұраты – білім.
C) Ауыл ақсақалы жастарға алғыс айтты.
D) Омар жолдасымен кездесті.
E) Тақырыбы дұрыс емес.
20.Оңашаланған айқындауышы бар сөйлемді тап.
A) Отарбай, жас мұғалім, сабақты жақсы өткізді.
B) Оспан – Амангелді батырдың жолдасы.
C) Бұл жорыққа Барақ батыр қатысады.
D) Қаз дауысты Қазыбек би – орта жүздің биі.
E) Абылай хан – үш жүзді біріктірген хан.
21.Оңашаланған айқындауышы бар сөйлемді белгіле.
A) Уақыт біз үшін, еңбек адамдары үшін, істейді.
B) Айқындық – сөздің басты артықшылығы.
C) Бұл жорыққа Барақ батыр қатысады.
D) Қаз дауысты Қазыбек би – орта жүздің биі.
E) Абайдың терең мәнді бейнелі сөздері ел ішінде мақал болып кеткен.
22.Бірыңғай мүшелі сөйлемді белгіле.
A) Мен сендерге көргенімді айтамын.
B) Жел соқпай, құс шуламай – бәрі жым-жырт.
C) Тыңда, дала, Жамбылды.
D) Дүниеде, сірә, сендей жар жоқ маған.
E) Дариға, домбырамды берші маған.
23.Жақсыз сөйлемді тап.
A) Ауылдың малы өсті.
B) Асан ұйықтап қалды.
C) Досанның тауға барғысы келді.
D) Бұл - үлкен сыйлық.
E) Ермек өте жақсы оқиды.
24.Сөйлемдер ішінен жақсыз сөйлемді тап.
A) Мен оны тыңдадым.
B) Сен оны ұнатпайсың.
C) Менің тыңдағым келеді.
D) Көп оқисың.
E) Емтиханға барамын.
25.Жақсыз сөйлемді тап.
A) Менің оқуға түсуім керек
B) Ұлжан ойлана қарап отыр.
C) Асан әдемі.
D) Олар келді.
E) Айнаш күлді.