12билет 1. мәтінді оқып, мазмұнын айтып бер. , білім ізде! өміріңді мәнді етер, абырой-атағыңды өсірер дәулетті, сәулетті өмірге апрар жол – білім жолы. әліде де болса, терең ойлан, білімнің керегін ала біл. сауатты, білімді қай заманда да абыройлы болған. білімсіз жасық, қорқақ келеді. ал білімді ң жүзі жарқын, дауысы анық болады. себебі, ол білгенін ел білсе екен деп, анық, дәлелді сөйлеп үйренеді. білімсіз өзі түсінбей тұрған нәрсесін елдер де түсінбесін деп, көмескі дауыспен, сыбырлап, міңгірлеп айтады. , ң білгенін біледі, тек ерінбей іздену керек, еңбектену керек. бар болғаны – сол. уақытыңды бағалай біл, жастық қуатың барда өзіңді аяма, еңбек ет, денсаулығыңды шынықтыр, бос жүріс пен пайдасы жоқ компьютердегі ойындарға алтын уақытыңды жіберме. қоғам қашан да сапалы мамандарға зәру борлады. білімді өз бетінше іздеп табады. (г.сайынқызы) 3. мәтіндегі тәуелдік жалғауы бар сөздерді теріп жаз. 20-билет 1. мәтінді оқып, сұрақтар қой. мамандық таңдау мамандық таңдау - әрбір мектеп бітіруші түлектің мақсаты. «армансыз , қанатсыз құспен тең» дейді халық. барлық ң арманы болады. арманшыл болашақта дегеніне жете алады. мамандық пен өнерді өз жүрегінің қалауымен, өз қабілетіне қарай таңдап алады. мамандықтың түрі көп. халық алдына шығып ән салатын әнші болу. өмірінің арашасы болатын ақ халатты дәрігер болу. сөзбен өрнек салатын жазушы болу. шәкірттерді білімге жетелейтін ұстаз болу. жас кезінен бастап өзінің жүрегі қалаған мамандығына бейімделе бастайды. терең білім алуға талпынады. өз бетінше ғалымдардың өмірімен танысады. сондықтан да қ шақ пен болашақ әрқашан үндесіп жатады. болашаққа апаратын тура жол қ шақтан басталады. осы жолда отбасының, ұстаздың, мектептің, қоршаған ортаның алар орны ерекше. жастарға болашақта мектептен алған сапалы білім ауадай қажет болатыны анық. сондықтан да ата-ананың, ұстаздың берген сапалы білімі мен өнегелі тәрбиесін дұрыс ұғынып, түсініп оқу жастардың басты міндеті болмақ. 3. мәтіндегі асты сызылған сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса. 23-билет 1. мәтінді оқып, мазмұнын айтып бер. отбасылық дәстүрлер – шаңырақ тірегі отбасы - әр ң алтын ұясы. отбасы ұлттық дәстүрлерді қалыптастыруда маңызды орын алады. қазақ отбасында ұл , қыз тәрбиелеуге үлкен мән беріледі. «әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер»- дейді қазақ халқы. отбасында ұлға үйдің күрделі, ірі жұмыстарын үйретеді. қызға тамақ істеу, үй ұстау дағдыларын қалыптастырады. отбасында белгілі дәстүрлер қалыптасуы керек. ол отбасы үшін өте маңызды. мына кісінің есімі – қуанышбек. оның отбасы үлкен. оның әкесі, шешесі бар. қуанышбектің әйелінің аты – забира. олардың бір ұлы және екі қызы бар. қуанышбек пен забира үш қамқор болып, жақсы шаңырақта тәрбиелеуге күш салады. ол үшін ұлттық дәстүрлерді бұзбай ұстауға тырысады. үйге қонақ шақырып, қазақ дастарқанын даярлауды үйретеді. өздері де сыйластық сақтауды дәстүр қылған. бұл отбасында жексенбі сайын қонақ шақыру, оларды күту дәстүрі қалыптасқан. жақсы дәстүр – отбасының берік шаңыраққа айналуының тірегі. 2. жалғау түрлері (ереже, мысал келтіру). 3. мәтіндегі асты сызылған сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса. 25-билет 1. мәтінді оқып, мазмұнын аударып бер. ақпарат құралдары ақпарат құралдары - мемлекет тәуелсіздігінің саяси-қ және ғылыми-технологиялық дербестігімен пара-пар басты белгілерінің бірі. ақпарат құралдары кең мағынасында: бұған жұртшылыққа хабар таратын құралдардың бәрі – газет, журнал, телевизия және радио, ғылыми хабаршылар, бюллетеньдер, пресс-релиздер, ғылыми жинақтар, жарнамалық мәтіндер, таблоидтер жатады. қалыптасқан мағынасында мерзімді ба з телевизия мен радио, ақпарат агенттіктері, әр түрлі байланыс жүйелері енеді. ба з, телевизия және радио тек ақпарат тарататын құрал ғана емес, олар көпшілікке ұсынылатын материалдарын түсіндіреді. бұл материалдарына көркемдік түр мен сипат береді, сол арқылы көрерменнің, тыңдарманның эстетикалық сұранысын өтейді. ақпарат «информация» - латын сөзі, түсіндіру, баяндау дегенді білдіреді. 2. үндестік заңы (ереже, мысал келтіру). 3. азамат, қайраткер сөздерін жікте.
Жауаптары:
Жауаптары:12 - билет
3) Мәтіндегі тәуелдік жалғауы бар сөздер:білімнің, адамның.
20-билет
1) Мәтінді оқып,сұрақтар қой.
1.Қандай адам болашақта дегеніне жетеді? (Арманшыл адам)
2.Қай кезден бастап адам өзінің жүрегі қалаған мамандыққа бейімделе бастайды? (Жас кезден)
3.Жастардың басты міндеті қандай? (Ата-ананың, ұстаздың берген сапалы білімі мен өнегелі тәрбиесін дұрыс ұғынып, түсініп оқу ).
23-билет
2) Жалғаудың түрлері,мысал.
Жалғау — сөз бен сөзді байланыстыратын, сөз аралығындағы қатынастардың көрсеткіші болып табылатын, сөзге грамматикалық мағына үстейтін қосымшалар. Жалғаудың төрт түрі бар: көптік, тәуелдік, септік, жіктік.
Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша.Мысалы: менің қаламым; сенің қаламың; сіздің қаламыңыз, оның қаламы.
Септік жалғаулары арқылы есімдер сөйлемдегі етістіктермен де, шылау сөздермен де, есімдер өзді-өздері де жалғасып әр алуан қарым-қатынасқа түседі.Мысалы,еңбек,еңбектің,еңбекке,еңбектен,еңбекті,еңбекте,еңбекпен т.б.
Көптік жалғау — жалғанған сезіне көптік мағына беретін қосымша. Көптік жалғауының дыбыс үндестігіне қарай алты варианты қолданылады: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер(қала-лар, мекеме-лер, ғалым-дар, езен-дер, ат-тар, шөп- тер).
Жіктік жалғау – баяндауышқа ғана тән жалғау.Мысалы,мен бардым,ол отырды,біз келдік т.б.
25-билет
2) Үндестік заңының ережесі,мысал.
Үндестік заңы – түбір мен қосымшаның және сөз аралығындағы дыбыстардың бір-біріне ықпал жасап, өзара үйлесіп, айтылуын үндестік заңы дейміз.
Оның екі түрі бар: 1) буын үндестігі, 2) дыбыс үндестігі.
Тіліміздегі сөздердің басым көпшілігі не біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке айтылады.
Мысалы:
Жуан сөздер: балалар, қалалар, қызылдау.
Жіңішке сөздер: жерлерді, ініміз, күнделік.
3) "Азамат","қайраткер" сөздерін жіктеу.
Жекеше:
І жақ:Мен азаматпын,қайраткермін.
ІІ жақ: Сен азаматсың,қайраткерсің.
Сыпайы түрде:Сіз азаматсыз,қайраткерсіз.
ІІІ жақ:Ол азамат,қайраткер.
Көпше:
І жақ: Біз азаматпыз,қайраткерміз.
ІІ жақ:Сендер азаматсыңдар,қайраткерсіңдер.
Сыпайы түрде:Сіздер азаматсыздар,қайраткерсіздер.
ІІІ жақ:Олар азамат,қайраткер.