12. Сөйлемнің түрін анықтаңыз. Қоңырау соғылды, оқушылар үзіліске шықты.
А) Лепті сөйлем.
B) Жай сөйлем.
C) Аралас құрмалас сөйлем.
D) Сабақтас құрмалас сөйлем.
E) Салалас құрмалас сөйлем.
13. Тура мағыналы сөз тіркесін анықтаңыз.
А) Жұмсақ мінез
B) Қиын адам
C) Қиын есеп
D) Терең мағына
E) Өткір пікір
14. Үндестік заңына қосымшасы бағынбайтын сөзді табыңыз.
А) адалдық
В) әсемпаз
С) кайшы
D) әнші
E) құдірет
Бағдаршам туралы.
Қалада көлік көп,
Қалада апат көп.
Сақтайтын апаттан,
Тек қана бағдаршам.
Бағдаршам, бағдаршам.
Бағдаршам біледі,
Бәрін де көреді.
Адам да, көлік те,
Сол шаммен жүреді - демекші, бағдаршам көше бойындағы тәртіпті реттеп, түрлі апаттардын алдын алады. Сондықтан балаларды кішкене күнінен бастап бағдаршам мен оның түстерін және көше тәртібі болатынын үйретіп, жолдан өткен кезде абай болу керектігін үнемі айтып отыру қажет. Әсіресе, көше қиылысында көліктер көп болады. Жолдан тек қана бағдаршамның жасыл шамы жанғанда өтіп, ал қызыл шамы жанғанда тоқтап тұру керек. Жолдан өтпес бұрын әуелі сол жаққа қарап, жолдың ортасына келгенде оң жаққа қарап барып өту керек. Жаяу жүргіншілерге арналған жол болса, соны қолданған қауіпсіз.