12-беттегі 1 Б-тапсырма. Көне түркі ескерткіштерін зерттеген қазақ және шетел ғалымдарын Т кестесіне орналастыр. (тапсырманы жұмыс дәптеріне орындап, mektep.edu платформасы арқылы суретке түсіріп жібер) 13-беттегі 2-тапсырма. Сөйлемдегі жалқы есімдерді теріп жазып, оларға дыбыстық талдау жаса.
Сүйікті қалам – Рудный! Менің қалам – мен үшін дүние жүзіндегі ең қымбат, ең асыл мекенім. Әр бір адамның сүйікті қаласы бар. Көбіне адамдар сүйікті қалам деп өзі туылған, балалық шағын өткізген жерді айтады. Өйткені әр а қ шағынан естеліктерді, тұрған мекенін әр қашан жүрегінде сақтайды. Мен бұл қалада туылмасам да, оны шын көңіліммен жақсы көрем. Мен оған сіңісіп кеткенім соншалықты оның әсемдігін толықтыра түсетін табиғаты, жаңадан пайда болып келе жатқан зәулім болмаса да аяғына нық тұрған үйлері, саябақтары, әр бір үйшігі, тіпті Рудныйымның өзінде өскен бір тал гүлінің өзі менің өмірімде үлкен орын алады. Бұрынғыдан қалған ескерткіштері, көпірлері, үйлерді жанап өтетін көшелері мен үшін өте қымбат. Рудныйлықтар, сырттай қараған әр қайсысы әр түрлі болса да, оларды біріктіретін бір нәрсе бар, ол біздің даңқы асқақтаған Рудный қаласы. Рудныйымда менің достарым, туыс-туғандарым, ата-анам, барлық таныстарым тұрады. Солардың барлығы Рудныйды шын мәнінде жақсы көретіндігіне, қадірін түсінетіндігіне мен сенемін. Негізінен қаланы жақсы көру үшін оның атағы жайылған зәулім қала, немесе миллионер қала болуы шарт емес. Рудный тыныш, әлсін-әлсін дамып келе жатыр. Бір сөзбен айтқанда оны құрметтемеуге, жақсы көрмеуге еш себеп жоқ. Себебі бұл қала әр бір рудныйлықтардың жүрегінен орын ала білген. Кейде қаламның көшелерінде келе жатып тұнық ойға берілемін. Кей кезде қаламыз шулы, тынышсыз болса да мен оған қуанамын. Неге деген сұрақ туындар мүмкін. Себебін мен өзім де білмеймін. Мүмкін осы қалада тұрып жатқаныма, шашымды сыйпай өтетін көктемгі желге, төбемізде жарқырап тұрған күнге, қазақ еліндей тәуелсіз мемлекетіміздің ішінде тұрып, бой көтере бастаған қаламыздың өркендеуіне куә болғаныма болар. Қаранғы айлы түндерде көшелеріңді кезіп, сенің күн өткен сайын көркейгеніңді көрудің өзі бақыт.
БөрікҚазақтың ертеден қалыптасқан ұлттық бас киімі , оны бағалыаң терісінен және жас төлдің- етірісінен тігеді . Оның жаздық және қыстық түрлері болады. Терінің түріне қарай бөрік әр алуан аталады. Құндыз бөрік, сусар бөрік, кәмшат бөрік, жанат бөрік, түлкі бөрік, елтірі бөрік, т. б. деп аталады. Оны ерлер де, қыздар да киеді . Бөріктің төбесі көбінесе алты сай (қиық) , төрт сай болып келеді . Оны тіккенде алдымен өлшеп алып, жұқа киізден төрт не алты сай етіп пішеді . Әр сайдың төбеде түйісетін ұштары бұрыш тәрізді , етек жақтары тік төрт бұрыш болады. Осы қиьіндылардың бір бетіне шүберектей астар, екі арасына жұқа матадан бидай шүберек салып, жиі етіп сыриды. Одан соң жеке-жеке сайларды біріне-бірін ебістіріп ішінен де, сыртынан да жермен тігеді . Оның сыртын асыл матамен (барқыт, пүліш, қамқа , т. б.) тыстайды. Бөріктің іші сай болса, оның тысы да сонша сай болады. Бұдан кейін бөріктің төбесінің етегін жай матамен астарлан тігеді де төменгі жағын төрт елідей терімен (қылшығын сыртына қаратып) көмкереді . Бұрын қыздар киетін төбесіне үкі , жібек шашақ тағын, зер жіппен, жібек жіппен кестелеген, меруерт,маржан тізбелер, алтын,күміс түйме қадаған. Кейде бөріктің етегін жауып тұратындай етіп айналдыра зер не жібек шаш ақтар ұстаған. Бөріктіқазақ халқы сияқты қарақалпақ, қырғыз, башқұрт, татар, ұйғыр т. б. халық тарда киеді .