11-тапсырма. Кәсіби сөздерді тауып, дәптеріңе жаз және олардың қай кәсіпте қолданылатындығы бойынша шағын зерттеу жүргіз. Шал енді қауындық жерінің басынан шықпайтын болды
Қарықтардың арасына шыққан отақтарды шабады. Болашақ шар
тақ құратын жерді тегістеп, шаңы бұрқырап жатпасын деп су са
лады.
Қарекең пәлек аралап «жеуге жарайды-ау» деген екі қауын-
ды үзіп, немерелеріне құшақтатып жіберді. Көп ұзамай қауыннан
сарғайып әңгелектер шыға бастады
«Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю- отбасынан басталатыны рас!
Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.
Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын , ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.