11-тапсырма. «Еңбек – ырыстың бұлағы» деген тақырыпта эссе жаз. Талаптар:
• нақты айқындалған кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды бөлімнен құралуы
шарт;
тақырыптан ауытқымаған дұрыс;
тезистерді ұтымды дәлелдермен растау қажет;
• өмірмен байланыс болуы тиіс;
• өзіндік тың пікірлер келтіру керек;
- баяндау стилі нақты болуы шарт;
• көріктеуіш тілдік құралдарды ұтымды қолдану қажет;
көлемі – 50-70 сөз.
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Елбасы Жолдауында көзделген тапсырмалар халықтың көз алдында атқарылуда. Мемлекеттік тұрғыда қолға алынып, жүзеге асырылып жатқан жұмыстар игі істерге жаратылып, әлеуметтің көз қуанышына айналғанын көруге болады.
Елбасы Н.Назарбаев елдің әлеуметтік жаңғыртылуына мемлекет тарапынан жағдай жасауға бағытталған 5 негізгі басымдық арқылы Үкіметтің алдына қойып отырған 20 тапсырмасы да осы мақсатты көздеген талаптардан туындап отырғаны аңғарылады. «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында бірқатар тапсырмалардың Үкіметке нақтылап жүктелгенін көзі қарақты оқырман жақсы біледі. Сонымен қатар, аталмыш мақаланы бүкіл қоғамды еңбекке, ынтымаққа, болашақты бірге жасауға шақырған Елбасы үндеуі деп те қарауға болады.
Объяснение: