100
жазылым
11-тапсырма. «еңбек - ырыстың бұлағы» деген тақырыпта эссе жаз
талаптар:
нақты айқындалған кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды бөлімнен кураn.
шарт:
тақырыптан ауытқымаған дұрыс;
тезистерді ұтымды дәлелдермен растау қажет:
емірмен байланыс болуы тиіс;
өзіндік тың пікірлер келтіру керек;
- баяндау стилі нақты болуы шарт;
неріктеуіш тілдік құралдарды ұтымды қолдану қажет;
келемі - 50
пакшы.
ответ:
байлықтың атасы – еңбек, анасы – жер
өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының ортасында шаруашылықтар тарап, жұрт жұмыссыз қалған жоқ па? ! әсіресе, көзін шаруамен ашқан ауылшаруашылығы мамандарына қиын болды. шаруашылықтың жыл он екі ай кезең-кезеңімен келетін науқандық жұмыстарынан бай тәжірибе жинақтап, бір шаруашылықты басқарса, дөңгелетіп әкетеді-ау деген білікті мамандардың қатарында «трудовой пахарь» колхозының бас инженері бөкенбай битабаров та бар еді. жұртқа мәлім бұл шаруашылық облыста оза шапқан озат шаруашылық болатын. еңбек ері а. нахмановичтай білікті басшының басқаруымен шаруасы шалқыған колхозда мықты мамандар өсіп шықты. осында өмірге келіп, жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын бітіріп, еңбекке білек сыбана кіріскен жас маман бөкенбай битабаров автомеханик, жөндеу шеберханасының меңгерушісі, бас инженеріне дейінгі жолдан өтті.
нарық заманында тараған колхоздың орнында шағын шаруашылықтар пайда болды. қазір сол алғашқы шаруашылықтар ұмыт болды. орнын жаңасы басуда. алайда, 1999 жылы «достық-99» шаруа қожалығын құрған білікті маман б. битабаровтың қожалығы осы жылдар аралығында тек өрлеу, өсу үстінде болды. осы ауылдың 300 тұрғынының басын біріктіріп, олардың үлесіндегі жер телімдерін игеріп, ұқсатып отырған бөкенбайға ауыл тұрғындарының алғысы шексіз. осы жылдар аралығында жұрттың үлесін алып, қара басының пайдасына бола тірлік етіп көпшіліктің қалған талай пысықтарды көрдік қой.
қазіргі таңда «достық-99» шаруа қожалығының иелігінде 1276 гектар жер бар. оның 636 гектары суармалы, 4500 гектары жайылымдық, 1000 гектары шабындық жер. бұл – тиімді пайдаланса, табысты тасытатын байлық қой. өйткені, атамыз қазақ «байлықтың атасы – еңбек, анасы – жер» деген. жермен жұмыс істеген шаруаның еңбегі қашанда берекелі болған.